Тіл - тас жарады...

Ішіміз толы сепаратист. Біз болсақ қырық пышақпыз...

  • Ішіміз толы сепаратист. Біз болсақ қырық пышақпыз...

    Ішіміз толы сепаратист. Біз болсақ қырық пышақпыз...

Ішіміз толы сепаратист, ал біз болсақ... "Өскемен" деген мына жазуды қалаға кірер жерге орналастырды. Қазір енді Өскеменге қатысты әлеуметтік желідегі топтарға кіріп көріңіз. Нағыз сепарларды көресіз. "Өскемені несі, мағынасы жоқ", "Усть-Каменогорск деген тарихи, шынайы атауы бар", "Қала атын өзгерткісі келсе өздеріне қала салып алсын", "Ойына келгенін істеуде біздің қаламызда" және тағы басқа пікірлер қарша жауып жатыр.
Кеше біреуі "Ақтөбеде Пушкиннің саябағын сақтап қалуға көмектесіңіз" деп Путиннен көмек сұрап, еңіреп тұр. Өзге елдің басшысынан көмек сұрайды.
Ішіміз толы сепаратист. Біз болсақ қырық пышақпыз. Діншіл, атеист, ұлтшыл, аймақшыл, рушыл, коммуняк, демократ, мақтабас, нұрбот, оппозиционер және т.б деп бөлініп алып, соғысып отырады.
Солтүстікті, шығысты ұстап қалу оңай емес. "Украина бізде болмайды" деуге кепілдік жоқ. Беларусьтегі саяси оқиғалар ақорысты диктатурадан азаттыққа жетелей ме, әлде Ресейдің қолтығына біржолата тыға ма, тағы белгісіз. Әлемдік геосаясат жылдам өзгеріп жатыр. Оған экономикалық дағдарыс, пандемия әсер етуде.

Пікір алмасу болуы тиіс, өз ойыңда қал. Бірақ мемлекет тұтастығы, ұлт мүддесіне қатысты мәселеде ешқашан бөлінуге болмайды. Мемлекет тұтастығына қатысты мәселеде атеист пен діншіл шай ішіп, билікшіл мен оппозиционер бірге қой сойып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару міндет. Отарсыздану отаршы қойған Қазақстандағы ең соңғы көшенінің, қаланың, ауылдың атауының ең соңғы әрпін жұлып тастағанша жалғаса береді. Мемлекет ақырын болсын осы бағытта келе жатыр, ендеше қолдап жіберу керек.

 

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3166    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30