Тіл - тас жарады...

Шындықты шырқыратып жазбаған жазушы – қаламақының құлы, атаққұмар халтурщик!

  • Шындықты шырқыратып жазбаған жазушы – қаламақының құлы, атаққұмар халтурщик!

    Шындықты шырқыратып жазбаған жазушы – қаламақының құлы, атаққұмар халтурщик!

Өз елінің дәл бүгінгі мұң-зарын айтып, қоғам өміріндегі шынайы шындықты шырқыратып жазбаған жазушы - бар болғаны, қаламақының құлы, атаққұмар халтурщик! Қатты айтты демеңіздер! Ондайлар өте жиі мадақталады, орден-медаль тағады, аса қатты дәріптеледі. Тірісінде, лауазымдық мәнсаптар да атқаруы мүмкін, мемлекеттік сыйлық та алып кетуі де кәдік. Өлген соң да олар дереу ұмытыла қоймайды. Артында қайтсе де өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай етіп, жалған мадақты жалаулататын бірлі-жарым жоқтаушылары қалады. Оның мерейтойлары әр жерде аталып өтіп, ас ішіледі, аяқ босатылады. Оның атына табылса көше беріледі. (Табылмаса "туалет"...).

Бірақ солардың ешбір кітабы оқылмайды, Оқылмауының себебі де, оның халтура екендігінде. Бірақ, жұрт оқымай-ақ, бір-біріне еріп өтірік мақтай береді. Біртіндеп кітаптарының аты да ұмыт бола бастайды. Шын жазушы ғана өзі өмір сүрген қоғамның нағыз жанашыр сыншысы болады, ағымға қарсы жүзеді, қарағайға қарсы біткен бұтақ деген сөз. Мен бір жазушыны ерекше жоғары бағалаймын. Ол "86 жыл" атты роман жазып, Желтоқсан көтерілісінің шындығын халыққа дер кезінде жеткізіп кеткен жазушы БЕКЕЖАН ТІЛЕГЕНОВ. Тағы бір кино режиссер бар. Ол - ҚАЛДЫБАЙ ӘБЕНОВ деген жігіт. "Алла жар" деген фильм жасап, желтоқсан ақиқатын экранға шығарды. Бірақ, марқұм жазушыны да, көзі тірі режиссерді де қазір ешкім мақтамайды. Себебі, екеуі де шын туындыгер, халтурщик емес. Сондықтан, ешкім жарнамалай қоймайды. Ал, кеше ғана ЫРЫСБЕК ДӘБЕЙ деген жігіт Жаңаөзен шындығын бейнелеген "Қоңыз" деген роман жазып жарыққа шығарды деп естідім. Кітап әлі қолға түскен жоқ. Оқығаннан кейін ойымызды айтармыз. Дегенмен, жастардың ішінен осы бала топ жарды-ау!

Қуандық Шамахайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1816    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.12.2019, 11:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29