Тіл - тас жарады...

ШЫҢҒЫСХАНҒА ТАБЫНҒАН ҚОҒАМ - ЕШҚАШАН ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ БОЛМАЙДЫ

  • ШЫҢҒЫСХАНҒА ТАБЫНҒАН ҚОҒАМ - ЕШҚАШАН ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ БОЛМАЙДЫ

    ШЫҢҒЫСХАНҒА ТАБЫНҒАН ҚОҒАМ - ЕШҚАШАН ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ БОЛМАЙДЫ

Біздің жазушыларымыздың көбі жастайынан төбелесіп өспеген. Ал төбелеспеген адам қара күшке табынатын қорқақ болады. Қорқақ адам - билік басындағы біреудің қара күшін пір тұтады. Біреуге зорлық-зомбылық жасаған адамды керемет көреді.

 

Маған Шыңғысханның ұлтының кім екені бәрібір. Шыңғысханның зұлымдықтары тарихта қалды. Оның Отырарды алған кезде бүкіл халқын қалай қырғаны, кітапханаларды өртегені, Қайырханның көмейіне қорғасын құйғаны туралы деректер бар.

 

Естеріңізде бар ғой, "Ақсақ құлан" деген күйдің аңызы. Домбыраның көмейіне қорғасын құйды деген не сөз - халықтың үнін өшірді деген сөз. Қадыр Мырзалиевтің керемет сөзі бар. "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" деген. Домбыра бұл - қазақтың жаны, бүкіл сыры, ойы, шері бәрі домбырада. Міне соның үнін өшіріп, көмейіне қорғасын құйған адам – Шыңғысхан.

 

Қазақтың аңызында, фальклорында Шыңғысхан туралы бір де бір жағымды сөз жоқ. Оны ойлап тауып жүрген кейінгі сауаты шамалы, комплекстері бар жазушылар.

 

Егер сіз Шыңғысханды дәріптесеңіз, онда Гитлер де, Наполеон да, Сталин де керемет. Егер сіз адамның ұлылығын оның парасатымен, ізгілігімен емес, жаулап алу құдыретімен өлшесеңіз, онда Шыңғысханға табынасыз. Бірақ, Шыңғысханға табынған қоғам - ешқашан ізгілікті қоғам болмайды.

 

 

 

Пікір иесі: Дархан Әбдік




Көрілген: 2744    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 15:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31