СК-Фармация не үшін керек? 145 адамды миллионер қылу үшін...
СК-Фармация не үшін керек?
145 адамды миллионер қылу үшін. Неге? Өйткені олардың орташа жалақысы 852 мың теңге болған. Министрдікімен бірдей. Былтыр тек жалақы төлеуге 1,48 млрд теңге жұмсаған. Басқарма бастығы қанша алатынын қиялдай беріңіз.
Олардың міндеті мұрын қанайтын тірлік емес еді. Дайын бюджет ақшасына шетелден дайын дәріні сатып алып, елге тарату болған. Пандемияда осы бір міндетті де дұрыс атқара алмады. Дәрі, ИВЛ аппарат жетпей, қанша кісі көз жұмды. Тек елорданың маңындағы Ильинканың зиратында бос жер қалмай барады дейді.
Айтпақшы, барлық жалақы сіз бен біздің салығымыздың есебінен төленді.
P.S. Батыста үкіметтің жұмысын бақылайтын тәуелсіз ұйымдарды Watchdog organizations дейді. Солар бізге көптеу керек болып тұр. Әйтпесе, бюджет есебінен шиковать ету жалғаса береді...
Nurmukhamed Baigarayev
Фейсбуктегі парақшасынан