Тіл - тас жарады...

Соғысты шенеуніктер бастап, ұрыс даласында қарапайым халықтың балалары өлетіні өкінішті

  • Соғысты шенеуніктер бастап, ұрыс даласында қарапайым халықтың балалары өлетіні өкінішті

    Соғысты шенеуніктер бастап, ұрыс даласында қарапайым халықтың балалары өлетіні өкінішті

  • Соғысты шенеуніктер бастап, ұрыс даласында қарапайым халықтың балалары өлетіні өкінішті

    Соғысты шенеуніктер бастап, ұрыс даласында қарапайым халықтың балалары өлетіні өкінішті

Көбісі маған соғысқұмарсың деп жазады. Пацифист емес екендігім рас, бірақ соғысты жек көремін. Соғыс деген үлкен қайғы. Әсіресе аналар үшін. Қандай ана баласының ұрыс даласында опат болғанын қалайды дейсіз. Соғыс ұлдары әкелерінен бұрын өлетін кезең, одан асқан қасірет бар ма?!
Соған қарамастан әскери қақтығыстар жайлы арасында азды-кем шамам келгенше ақпарат беруге тырысамын. Адамзат ешқашан бейбітшілікте өмір сүрмейді. Адам жаратыла сала, ағайынды Каин Авельді өлтірген сәттен бастап жерде қантөгістің тұсауы кесілген. Енді ол қантөгіс ең соңғы адам өлгенше жалғаса береді. Бұл мойындасақ та, мойындамасақ та шындық.
Қазір Әзірбайжан мен Армения соғысып жатыр. Соны жазсам біраз адам мені "соғысқұмар", "өз басыңа келсін", "адамдарға өлім тілеме" деп пікірде тепкілеп кетті) Ешкімге өлім тілемеймін, бірақ соғыс болып жатқаны рас қой. "Бейбітшілік болсын" деп жазғаннан әзірбайжан мен армян автоматын тастап, құшақтасып, дос бола қалмайды ғой. Бұл қақтығыста әзірбайжан халқын қолдаймын. Түркі болғандықтан емес, әділетсіздік құрбаны болғандықтан. Жерінің 20% айырылып қалған әзірбайжан халқы күші толысып, қуаты артқан сәтте оны кері қайтаруға кіріссе, ол әділетті әрекет емес па?! Менің ойымша әділетті. Жер үшін соғыс, соғыстардың ұлысы. Оны қазақтан артық білетін халық жоқ шығар. Ғасырлар бойы біз Жер үшін соғыстық. Сондықтан жерін басқыншы Ресей мен Армения тартып алған Әзірбайжанның мұңын түсінеміз (деп ойлаймын).
Жаңалықтарға қарасақ, армян тарапынан қаза тапқан сарбаздардың барлығы дерлік 2000-2001 жылғы жас жігіттер. Обал әрине. Өмірлері әлі алда еді. Бірақ олардың қазасына, ата-анасының көз жасына кінәлі Баку емес, осыдан 30 жыл бұрын өзгенің жерін тартып алған өз билігі. Соғысты жылы кабинетте, былғары креслода отырған шенеуніктер бастап, ұрыс даласында қарапайым халықтың балалары өлетіні өкінішті(
Қарабақ Әзірбайжан жері. Таулы Қарабақты республика деп әлемде Ресей құрып берген Абхазия, Оңтүстік Осетия мен Приднестровье ғана мойындаған. Қарға қарғаның көзін шұқымайтыны түсінікті. Ал қалған есі дұрыс, кәлласы орнында тұрған елдер оны мойындамады. БҰҰ оны "Әзірбайжан жері" деп, тайға таңба басқандай етіп жазды. Тіпті Арменияның өзі де Қарабақты мойындаған емес. Кеше ғана "республика деп мойындауымыз мүмкін" деп мұрын астынан Армения парламенті мыңқ етті. Қазақстан да Таулы Қарабақты мойындаған емес, мойындамайды да! Әзірге есіміз дұрыс.
Таулы Қарабақ тарихи әділеттік орнап, Әзірбайжанға қайтады деп үміттенемін. Сөйтіп екі халық бір-бірін өлтірмейтін күн тусын.
Пацифист емеспін, реалистпін)

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2262    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30