Тіл - тас жарады...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне АШЫҚ КҮРЕС жариялаймын!

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне АШЫҚ КҮРЕС жариялаймын!

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне АШЫҚ КҮРЕС жариялаймын!

Бүгіннен бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарсы


АШЫҚ КҮРЕС жариялаймын!


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кейінгі кездері өздері арандату әрекеттерін жасап, өздері ұстап, өздері зорлықпен соттататын үрдіс қалыптастырды. Неше түрлі құйтұрқы іс-әрекеттер жасау арқылы жазықсыз жандарды арандатып, қақпанға түсіріп, соттар мен адвокаттарға қоқан-лоққы жасап, күш көрсету, қорқытып-үркіту арқылы өздері арандату арқылы ұстаған адамдарды ештеңеге қаратпай (арандату, яғни провокация, подстава жасағандары тайға таңба басқандай дәлелденіп тұрса да), күштеп соттатып жіберуді жалғастырып жатыр. Менің бір білгенім, Соттар Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің шенділерінен өлердей қорқады екен! Құдіреті күшті агенттіктің шен-шекпенділері «Егер біз ұстаған адамдарды соттамасаңдар, өздерің сотталасыңдар деген сыңайдағы белгі-ескертрулер» жасайтын көрінеді!

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шенділері біздің қолда билік бар, ойымызға келгенді істейміз деуі мүмкін! Әрине, олар солай ойлайды да!

Бізде де алапат күш бар! Қаламнан артық қару жоқ! Бір Құдайдан басқа Халықтан артық Құдірет жоқ! Халық көтерілсе, кез-келген шендінің аяғы аспаннан келеді!

Бүгін Сіздер, қадірлі достар, маған сенбейтін шығарсыздар! Бірақ мен мұны Халыққа да және Жоғары Билікке де дәлелдеймін! Дәлелдей алмасам, несіне қолыма қалам ұстап, журналист-жазушы атанып жүрмін! Дәлелдегенше, күресе беремін!

Шынын айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шенділерінің осындай лас та жымысқы іс-әрекеттерге барып жүргенін халық жақсы біледі ғой деп ойлаймын, бірақ Жоғары Билік, Елбасы білмеуі де мүмкін! Сіздердің, яғни, халықтың қолдауының арқасында бұны Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Еліміздің Бас Прокуроры Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетовтың, Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Қажманұлы Асановтың, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовтың назарына жеткізуге барынша күш саламын! Өйткені, Құқұқ қорғау орындарының осындай шектен шыққан белден басушылықтарға баруы айналып келгенде, Жоғары Биліктің, Елбасымыздың абыройына нұқсан келтіріп, Жоғары Билікке, Елбасымызға деген халықтың сенімін азайтып, наразылығын тудырып, күннен күнге күшейтіп жатыр! Осындай әділетсіздіктерді көзбен көріп, құлақпен естіп отырған Халықтың көңілі онсыз да толқымалы күйге түсіп отыр.

Біз «Әділетті Қазақстан» деген қозғалыс құрмақ ойымыз бар. Әрине, бұл ұйым бірден табысқа жете қоймас! Бірақ біз Қазақ Мемлекетінде әділеттіліктің салтанат құруына және азаматтардың жазықсыз жапа шекпеуіне мүдделіміз! Сол жолда аянбай күресеміз!

Біз Жоғары Билікке, Елбасымызға қарсы емеспіз! Тек Жоғары биліктің маңайында жүрген осындай зорлықшыл һәм қиянатшыл шенділерге қарсымыз!

Біздің тағдырымыз – біздің өз қолымызда, Сіздің тағдырларыңыз – сіздердің өз қолдарыңызда екенін ешқашан естен шығармаңыздар!


Думан Рамазан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4589    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 10:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30