Тіл - тас жарады...

Сіздің сұрағыңыз ол адамды мүлде жерге тығып, жүйкесін құртуы мүмкін

  • Сіздің сұрағыңыз ол адамды мүлде жерге тығып, жүйкесін құртуы мүмкін

    Сіздің сұрағыңыз ол адамды мүлде жерге тығып, жүйкесін құртуы мүмкін

Кейде адамдарға таңданамын. Қоятын сұрақ болады, қоймайтын сұрақ болады. Жақын досың я бұрыннан танитын танысың болмаса, бір-екі рет көрген адамға қоюға болмайтын сауалдар бар. Мәдениеттілікке жатпайды ол. Ұят нәрсе.
Мысалы "неше балаң бар" деген сұрақты бір көрген жанға қою дұрыс емес. Оның баласы бар болуы да, болмауы да мүмкін. Мүмкін ол адам отбасын құрып, ұзақ жылдар бойы сәби сүйе алмай жүрген шығар. Бәлки мүлде сәби сүю мүмкіндігі жоқ шығар. Немесе емделіп жүрген болар. Сондықтан ондай сұрақ адамның жүрегін жаралауы мүмкін.
Енді танысқан адамға "қайда жұмыс істейсіз", "қанша айлық аласыз" деген сұрақ нағыз ұятсыздық. Кромaньондық деңгейіңізді көрсетеді. Өзі ол жайлы айтпаса, демек айтқысы келмейді. Жұмысы жоқ болар, мүмкін жұмысы өзіне ұнамайтын шығар немесе өзін төмен статустағы жұмыста істеймін деп ойлайтын шығар (дей-тұра адал еңбегі бар жұмыстың жаманы жоқ). Айлығын айтқысы келмесе, айлығы аз болар. Сондықтан ол ұяттау сұрақ. Жұмыссыз болса жұмыс тауып беріп, айлығы аз болса үстіне ақша қосып бермейсіз. Сондықтан ондай сұрақты енді көрген адамға қоймаған абзал.
"Жас екенсің, шашың түсіп қалыпты", "арық екенсің", "толық екенсің", "бойың қысқа екен", "теректей ұзынсың ғой" деген сұрақтар да бірінші танысқанда қою сіздің мәдени деңгейіңіздің көрсеткіші. Шашы түссе, бір жері ауыратын болар. Арық және толық деген де соған ұқсас. Ал адамды ұзын-қысқа деу енді тым ұят. Ұзынды қысқартып, қысқаны ұзартып, семізді арытып, арықты семіртіп бере алмайсың ба, онда бірінші таныстықта ондай ақымақтау сұрақ қоймаңыз.
"Жасың кепті, неге тұрмысқа шықпағансыз", "Біразға кепсің, әлі үйленбегенсіз ба" деп бірінші танысқанда сұрақ қоймаған абзал. Ондай сұрақ қойған адамның аузынан әдемілеп аперкот жіберу керек. "Тұрмысқа шықпаса жігіті жоқ болар", "сүйгені басқа біреумен отау құрған шығар", "үйленбесе ыңғайы келмей жатқан шығар". Не үшін отбасын құрмаған себебін әлі нақты білмейсіз. Өзің алып, я тиейін деп жатқан жоқсың ба, ендеше екі елі ауызға төрт елі қақпақ.
"Әлі үйің жоқ па", "жасыңыз отызда, көлік әлі алмағансыз ба" деп сұрақ қоятындардың жағын Жапония жаққа қарата салса да обалы жоқ. Үй, көлік алмаса, қаржысы жоқ шығар. Қанша тырысса да, ыңғайы келмей, сәттілік тайып кетіп жатқан болар. Сіздің ондай сұрағыңыз ол адамды мүлде жерге тығып, жүйкесін құртуы мүмкін. Ойланыңыз.
Жалпы бұл енді кездесіп, танысқанда қоюға болмайтын сұрақтар ғой, өз көзқарасымда. Кейде сұрақ жауаптан да ауыр болуы мүмкін. Бір сұрақпен адамның сол күнгі көңіл-күйін тас-талқан етуіңіз ғажап емес. Сұрақты қоярда абай болайық. Келіспеуге құқылысыз.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 816    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31