Тіл - тас жарады...

Тамақ үшін тұрсиына дейін шеше салуға дайын тұрған жастарды көріп шошығам

  • Тамақ үшін тұрсиына дейін шеше салуға дайын тұрған жастарды көріп шошығам

    Тамақ үшін тұрсиына дейін шеше салуға дайын тұрған жастарды көріп шошығам

Былтырлары супермаркетте жалаңаштанған жігіттерге тегін тамақ таратып, бір қарық қылып еді. Тамақ үшін әуретін ашып, тұрсиына дейін шеше салуға дайын тұрған жастарды көріп шошығам сол кезде. Айналдырған бір айдың ішінде қазақ жастары «шоқынып», ойына келгенін істеп, енді міне Ақтауда жаппай сүйісуден жарыс өткізгелі жатыр екен. Жастарды әдейі азғындыққа итеріп жатқан сияқты. Қазақ ешқашан көпшіліктің көзінше сезімге салынбаған ғой. Сүйіссе де оңашада, шымылдықтың арғы жағында ғана сүйіскен. Бір жылдары үйленіп жатқандарды мәңгүрттеніп кеткен қазақтар тойда әке-шешесінің, ағасының, әпкесінің, іні-қарындасының көзінше «Горько, горько!» деп тұрып сүйістіретін. Қазір қойды ғой деймін. Өткен жылдары Мәскеуде орыс қызын алған шешен жігітінің тойы болды. Сол тойдың ортасында қыз жақтан келген құдалар ішіп келіп: «Горько, горько, горько!» деп қол шапалақтады. Екеуін сүйісуге шақырғаны ғой. Шешен жігіті сонда: «Бізде бүйтіп туған-туыстың көзінше ашық сүйіспейді, ұят ол!» деп, сүйісуден бас тартты. Шешендер де риза болды, ішкен кезде ұятты ұра салатын құдалары да сөзге тоқтады. Кейде осындай азғындықты тоқтататын бір азаматтың алға суырылып шықпайтынына таң қаламын. Намыстан жұрдай болып, соншалықты дүмшеленіп, дүбәраланып кеттік пе, немене?


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1507    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2019, 09:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30