Тамырынан ажыраған ел өзінің кім екенін білмей кім көрінгеннің жетегінде кетті

13 қаңтар 2021, 12:21

Елдің жігері жасып,сатқындыққа,жағымпаздыққа,алаяқтыққа бейім болуы ғасырлар бойы жүргізілген империялық саясаттың нәтижесі.Кімнің қолында ақпараттық және қарулық ресурс болса сол үкім жүргізеді.Ғасырлар бойы елдің санасын тұмандап, тарихын талқандап жойып отырды. Тамырынан ажыраған ел өзінің кім екенін білмей адасқан баладай кім көрінгеннің жетегінде кетті. Маңдайынан сипағанның бәрі оған мейірімді әке мен шешедей көрінді. Адасып өз бауырын өзі танымай дұшпан болды. Ғасырлар бойы империялар әлсіз елді осылай бірде мейірімді бірде қатыгез болып басқарып келеді. Әлсіз елге неше түрлі бактериалогиялық,химиялық эксперементтер жасап генофондын да мутацияға ұшыратты. Нәтижесінде екіжүзді,алаяқ,жігерсіз,дүниеқоңыз,табанының бүрі жоқ менмен ұрпақ қалыптасты. Жапондар өз елі мен жерін радиациядан тазартып сапалы ұрпақ қалыптастыру үшін бір ғасырдан аса уақыт жоғалтты. Олар бұл жетістікке жасампаздық іс әрекеті арқылы жетті. Жасампаздық іс әрекет болу үшін ой сана әртүрлі идеалогияның шырмауынан азат болуы тиіс. Ал біз ше?

Tòregali Batyrhanuli

Фейсбуктегі парақшасынан