Тіл - тас жарады...

Тарих жазғыштар өз аталарын Абылай мен Төле билердің "танысы" етуге құмар

  • Тарих жазғыштар өз аталарын Абылай мен Төле билердің

    Тарих жазғыштар өз аталарын Абылай мен Төле билердің "танысы" етуге құмар

  • Тарих жазғыштар өз аталарын Абылай мен Төле билердің

    Тарих жазғыштар өз аталарын Абылай мен Төле билердің "танысы" етуге құмар

КҮНДЕЛІККЕ ТҮСКЕН ОЙЛАРДАН...


Біз қазақ деген ұлт жалпы адамзаттың игілігі үшін не жарата алдық? Қазақтың ойы, түсінігі, бұйымы, салт-санасы, танымы әлемге не берді?
Батыры мен ақыны көп елдің неге ғалымы жоқ? Ғасырлар бойы "сөз сауған" ұлттың ұрпағы не себепті өз тілінен, тінінен, ділінен безеді?
Технология, заманауи игіліктерді қабылдауға неге мешеуміз?
Мынау өмірге, қоршаған ортаға, қоғамға неге рудың-тайпаның көзімен қараймыз?
Меніңше, қазақ Абылайдың заманына дейін-ақ тозып біткен. Әлем дамудың даңғыл соқпағын тапқанда біз "сөз сауып", ат мініп, қаннен-қаперсіз мал бағып жүрдік. Қазір бағатын малымыз да жоқ. Малы жоқтың жері де болмайды...
Орыстар қазақты айламен жеңді. Олардың айласына қарымта қайырар тұлға болмағаны отарлаушының мықтылығы емес, біздің әлсіздігіміз. Жалпы қазақтың мақтаулысы болыс болмаққа (ауыл әкімі) құмар еді. Содан шығар Аға сұлтан (аудан әкімі) атануды Құдайдың жердегі көлеңкесі болумен теңестірдік. Бұл психология әлі де жалғасып келеді. Не өзіңе, не ұлтыңа (адамзат деп ауыз қышытпай-ақ қоялық) пайдасы жоқ қызмет Құдайдың өлшеп берген уақытын ұрлайтынын, болмашы мадақ-марапат қамшының сабындай ғана ғұмырдың "басын шабатынын", одан да келер ұрпақ, болашақ үшін деп бір тал еккеннің сауабы мол екенін неге түсінбейміз?
Тарих жазғыштар өз аталарын Абылай мен Төле билердің "танысы" етуге құмар. Сол арқылы бабаларының тұлға-тұрпатын биіктетпек? Бабаның ел үшін жасаған еңбегі маңызды ма, жоқ әлде ханның "танысы" болғаны ма?
Біз тұйықталған, бір адам ғана билеп-төстеп отырған, тапқаны ішкен-жегенінен артылмайтын, байында қанағат жоқ, кедейі де мақтанқұмар, ұстанымында тұрлау жоқ ұлтқа айналып барамыз... Неге?
Жалпы халық - Ұлы. Қазақ та ұлт ретінде - Ұлы. Оған сын айтуға хақымыз да жоқ. Десе де кейбір қасаң түсініктер жалпы ұлттық сипат алып бара жатқанын көргенде бір-екі ауыз сөз шығындағанның айыбы жоқ болса керек...


18.11.2020

Қанат Әбілқайыр

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1077    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31