Тіл - тас жарады...

Тәуелсіздік маған не берді?

  • Тәуелсіздік маған не берді?

    Тәуелсіздік маған не берді?

Мен үшін Тәуелсіздік пен бостандық абсолютті құндылық болып табылады. Мен империяның бір бөлігі мен құлдырап, құлағанын көрген қазақпын. Желтоқсанның аязы аз да болса мені де қарыған. Сондықтан да болар әлгіндей сұрақты өзіме қойып көрмеппін.

...

Бірақ, жақында бір кездесуде әлгіндей сұрақ қойылды. Шынын айту керек, рухани құндылықтан гөрі материалдық құндылықтар басымырақ заманда ғұмыр кешіп жатырмыз ғой. Бұндай сұрақтардың болуы заңды да шығар. Соған былай деп жауап беріп едім:

...

Сіз айтқан сұраққа көп жолмен, дерекпен жауап беруге болар. Мен бір ғана уәж келтірейін.

Мен бала кезімде, шамасы күздің аяғы болуы тиіс, суық жаңбыр нөсерлеп ұрып тұрған, автобуста үйге қайтып келе жатқанбыз. Жол ұзақ болатын. Есі дұрыс ана баласымен әңгіме қозғамай ма? Балам бүгін не істедіңдер? Мектепте не оқыдыңдар? Мен байғұс еркелеп, күнделіктерімді көрсетіп, әңгімелерімді айтып әлекпін.

Дәл осы кезде толы автобустың долы автобусқа айналмасы бар ма? Іші толы өзге ұлт өкілдері, шулап шықпас па: вы почему на своем калбитском языке говорите? На своем бараньем языке говорите дома! Анау-мынау деп, итермелеп, автобусты тоқтатқызып, далаға қуып жіберді.

Ранец жыртылып, ішіндегі дәптер-кітабым жерге құлап, су-су, балшық-балшық боп жатыр. Мен соларды жинап, ертең мектепке қалай барам деп еңіреп, дал болып жүрмін. Шешем марқұм маған араша бола алмадым, империяның суығына тоңдырдым деп жылап жүр.

Қас-қарайған шақ. Біраз жаяу жүріп, су болып, тоңып, келесі бір автобусқа үндемей мініп, үйге жеттік.

Үйде де оңған әңгіме болмады. Үйдегілерге шәй, тамақ беріп, шешем менімен бірге түні бойы кітаптарды жуып, үтікпен кептіргендей болды. Сол күні, қалай, қашан ұйықтағанымды да білмеймін.

...

Бірақ осы әділетсіздік тұла-бойымды, жанымды оңбай күйдірді. Осы картина өле-өлгенше көз алдымда. Өз көз жасымды қойшы, бала үш күнде бір жылайды, таяқ жесе де, кәмпитін тартып алса да, жүрегі әлсіз анамның көз жасын кешпеймін. Ең алдымен өзіме. Ересек болғанымда ана автобусты адамымен бірге қопарар ем сол мезетте!

...

Ал енді Тәуелсіздік маған не берді? Маған өз елімде өз тілімде еркін сөйлеп, ешкімнен жасқанбауға мүмкіндік берді, еркіндік берді. Кез-келген қазақтың анасына баласымен автобуста болсын, басқа жерде болсын ұялмай-қысылмай ана тілінде сөйлесуге мүмкіндік берді. Бұл аз ба?

Тәуелсіздік болмаса да анамның ақ сүтін ақтауға тырысар едім. Бірақ сол 1982 жылдың балалық сертімнің бірі - анамды басқадан қорғау - бірте-бірте осы азаттық пен тәуелсіздікті қорғау сертіне айналды. Тәуелсіздікті қолдау-қорғау анамды қорғау сияқты мен үшін.

Анамның дүниеден өткеніне де алдағы жылы ширек ғасыр болады екен. Жылына бір-екі барып құран оқытамыз. Сонда бір іштей есеп беріп, сертімді жаңартып отырамын.

...

Осылай жауап бердім. Сұраған бала ұқты ма, ұқпады ма білмеймін. Зал бір қол шапалақтады әйтеуір...

...

Тәуелсіздігіміз мәңгі һәм баянды болсын!


facebook.com




Көрілген: 1324    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.12.2018, 11:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31