Шетелдік шетелде тұратын бір танысым бар. Астанада бір пәтері болатын. Соны мен жалға беретінмін. Өткенде хабарласып Қазақстанда пәтер қымбаттап кетіпті. Ана менің квартиранттарыма тиіспей ақ қой. 4-5 ай тұрсын. Кейін жағдайға қарай көреміз деді.
Содан оған Қазақстанда пәтердің жұрттар шулағандай 3-4 есе қымбаттамағанын. Ары кетсе 10-15% қымбаттағанын айтып түсіндірдім. Крышадан суреттер жібердім. Хайпқа ере берме дедім. Ааа онда дұрыс екен деді.
Шетелдік болса да жағдайды түсініп тұр. Енді өзіміздің ашкөздерге келейік.
Жалпы қазіргі уақытта пәтерімді босат. Үй қымбаттады. Басқаларға беремін дейтіндер таза топастар дер едім. Алдымен бағаны көр.
Ешкім ақымақ емес. Сенің 120 000 теңгелік пәтеріңді ешкім 800 000-ға алмайды.
Астанада айына 6000 доллар төлейтін пәтерді де көргенмін. Оның кухнясы сенің 120 000 теңгеге беретін пәтеріңнен 2 есе үлкен.
Орыстар да топас емес. Ары кетсе 200 000-ға алуы мүмкін. Ол да уақытша.
Сонда отандасыңды пәтеріңнен қуып Ресейлік уақытша келімсекке бермекші арам ойың бар ма?
1 600 000 Ресейлік кірсе, шыққаны да бар. Оны ешкім айтпайды.
Жалпы кез келген хайпқа ере бермей алдымен бір тексеріп алған жөн ау.
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшасынан