Тіл - тас жарады...

Тіл комитеті мен терминкомның не былықтырып жатқаны өздеріне ғана аян

  • Тіл комитеті мен терминкомның не былықтырып жатқаны өздеріне ғана аян

    Тіл комитеті мен терминкомның не былықтырып жатқаны өздеріне ғана аян

Осыдан 20 жылдай бұрын ғана қазақ тіліне аударылған сөздер үшін майдан болып жатушы еді, аударылған терминдер жарияланатын, талқыланатын. Қоғамның арқасында талай сөз сұрыпталды. Көңілге қонымсыз аудармалар да жеткілікті. Сусиыр - гиппопотам, дәнекерлеуші - сварщик, тб. Қонақүй деген әдемі сөзі бар қазаққа мейманхана деген парсылық жалғауы бар сөзді кептеді. Бірде "сынтас" дегенді көріп Ө. Айтбайұлы ағамызға барып едім, бұрыннан бар "ескерткіш тақтаның" қалай сынтас боп кеткенін ол кісі де түсіне алмай әлгі сөз сызылды. "Сынып" та сойқан болды, бір ағамыз "Самолетті ұшақ десе де, туалетті тышақ деседе мақұл, өзіміздің бөлім сөзі барда сарттың "синифі" неге керек" деп ашуланған. Сонда да сөз өтті, сіңді. Ол кезде журналистер елгезек еді. Ал бүгінде Тіл комитеті мен терминкомның не былықтырып жатқаны өздеріне ғана аян. Сәтсіз дүниені түзегені жөн делік, олардың байырғы сөздерге шүйліккені таң қалдырып отыр. Мейрамхана, азатжол бұрыннан бар, қолтырауын туралы сәбет заманында Қайнекең мақала жазған, осындай мысал көп. "Әнұран" да қайшыға қимайтын аударма. Мұндай сөз өзгерту осы уақытқа дейін шыққан барлық Сөздікті сызып тастап, қайта басу дегенді білдіреді. Тіл комитетінің ең "қатырған" ісі осы болса керек. Соңғы 20 жылда 5-6 Орфографиялық сөздік шықты, бәрі жарамсыз! Себебі, ешбірі бекітілмеген, тек ақсақалдар мақұлдай салған. Ал министрлік бекітпеген Сөздік - бекер. Оқу министрі бекіткен заңды соңғы Сөздік 1988 жылы шықты. Осы бір кітаптағы өзгерген сөздерді ұқтыру үшін он том (!) Түсіндірме сөздік жазылған. Ал қазір рақат, алмаағаш, қыргүйек деп жазып бір кітап, алма ағаш, қыркүйек деп жазып бір кітап шығара береді. Түсіндіріп, бас қатырған ешкім жоқ. Оған біраз ережесі қазақ тілімен қабыспайтын латын таңбалы емлені қосыңыз. Қысқасын айтқанда - былық. Негізі Тіл комитетінің мәдениет пен спорттың арасында неге салпақтап жүргені түсініксіз, ғылыми дүние БҒМ-ға қарау керек емес пе?


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2165    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 20:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30