Тіліміз өзгелер сөйлеуге келмейтін әлсіз, әніміз өзгелер шырқауға келмейтін әрсіз бе?
Бір досым сілтеме жіберіпті. Ашып қарадым. Бір орыс жігіті "Сыған серенадасын" орындаған екен. Ерекше ештеңесі жоқ. Бірақ әлгі бейнежазбаны 800-ге жуық адам бөлісіп, мың жарымдай адам лайк басып, комментарий жазыпты.
Қашан өзгенің қазақша сөйлеп, ән салғанын қалыпты жағдай ретінде қабылдауға үйренеміз осы?! Әлде, тіліміз өзгелер сөйлеуге келмейтін әлсіз, әніміз өзгелер шырқауға келмейтін әрсіз бе??
Ахмет Өмірзақ
Фейсбуктегі парақшасынан