Тоқал біткеннің «сүйіп қосылдық..» деп жүргендері былшыл ғана
Халық арасында едуәір дүрбелең туғызған «Аяжан оқиғасы...» на бүгін нүкте қойылғандай.
Оқиға барысын сан-саққа жетелеген жұрт, «Аяжан тәнін 500 мың теңгеге саудалаған..» деген ақпаратты оқисала, сілтідей тына қалды.
Қоғамдағы осы оқиғаға қатысты дүрбелеңді тоқтатудың жалғыз-ақ нұсқасы — жұрт арасына тергеу кезінде анықталған қылмыстық істің бір жапсарын ұсынып — тыныштандыруды дұрыс деп шешіпті.
Мүмкін, ІІбасқармасы, өздерін «жылдам қозғалмады, арыз қабылдамады..» деп жалалаған ағайынды «бесінші точкасына» отырғызу үшін әдейі жіберілген ақпарат та болуы мүмкін..
Жалпы «қаранарықтағы» қыз қыздығы бағасы едәуір қымбат.
Ал 500 000 теңгеге тәнін сату — өзіне жоқ бағаны қойып алған сайқалдармен бірреттік секс үшін төленетін ең төменгі баға!
Өйткені, бірреттік секс үшін 50 000 000 теңгенің пәтерін, 40 000 000 теңгенің автокөлігін бопсалап жүргендерді көргенбіз.
Орыста «карьера женщины через постель..» дейтұғын ұғым бар.
Қанша қыз-келіншек өз тәнін саудалау арқылы қызмет биігіне көтерілсе, біразы ақшалы байларға тоқал болып жүр.
Ерін мен емшек ісіріп өсіру де — осы жолда өзін қымбатқа өткізу үшін емеспе?!
«Әдемі болып туудың жарты бақыт екенін. Осыған қосымша —айтқанды орындай беретін қыз-жігіттің 100% бақытты екенін» жазғанмын.
Осындай «ханшайымдар» кесірінен, арына дақ салу қанында жоқ қанша ақылды қаракөз қыздарымыз «төменде» жүр.
Қайсібір мекеме қызметіндегі қыз-келіншектер 50% қызметке жұмысты жүргізу үшін алынса, қалған 50% ойын-сауық үшін керек «қажеттіліктер».
Ақшасы төленген сексте ләззат сыйлауда, ләззат алу да мүмкін емес.
Ал тоқал біткеннің «сүйіп қосылдық..» деп жүргендері — ұлы махаббат сезіміне көлеңке түсіретін проституткалар былшылы ғана.
Пы—сы:
Бұл тән саудасында да, басқада нарықтардағы дұрыс қойылмаған тауар бағасы немесе дұрыс көрсетілмеген қызмет үшін болатын кикілжіңдер секілді, жанжалдардың болатыны рас.
Өйткені, бір реттік секс құны 50 мың теңге болғанда —500 000 теңге сұрау соңы — тұп-тура өлімге апарған...
Естеріңде болсын! Арлы адам — құнсыз!
Ал, өзіне құн қойғанның бәрі, мейлі ол кім болмасын, жәлептер!
«Осы ақшаны берсең шаруаңды шешіп беремін..» дейтін шенеуік пен, «ақысын төлесең алдыңа отырамын..» дейтін жәлептің табиғаты бір...
Тортуыл Шоқан
Фейсбуктегі парақшасынан