Тіл - тас жарады...

Тойхана салғыш ұлттар, зертхана салғыш ұлттарға тамсанумен өтетін болады

  • Тойхана салғыш ұлттар, зертхана салғыш ұлттарға тамсанумен өтетін болады

    Тойхана салғыш ұлттар, зертхана салғыш ұлттарға тамсанумен өтетін болады

Біз жаңа кезеңге қадам бастық. Қаласақ та, қаламасақ та әлем өзгеріп жатыр. Енді өмір бұрынғыдай болмауы мүмкін. Жаппай жұмыссыздық күнделікті шындыққа айналады. 1999 жылы жер бетінде халық саны 6 млрд болса, 2011 жылы 7 млрдқа жетті. Бар-жоғы 12 жылдың ішінде. Үш-төрт жылдың ішінде 8 млрдқа жетеміз. Адамзат көбейіп барады, демек мәселелер де көбейе бермек. Жұмыссыздық, ресурстың тапшылығы, бұзылған экология мен геосаяси ойындардың соған байланысты өзгеріп отыруы.

Заманың түлкі болса, тазы боп шал дейді дана қазақ. Былайша айтқанда бейімдел, адаптация жаса дегені. Біз Еуропа елдерінде машина шығаратын зауыттардың бір күнде маска, ИВЛ аппарат шығаратын қалыпқа ауысқанын көріп отырмыз. Мұндай тенденция Қытай, АҚШ, Жапония және басқа дамыған елдерде орын алуда. Олар жаңа заман сынағына тез бейімделетінін көрсетті. Тез бейімделу - тірі қалу деген сөз!
Бізге де сол бейімделуді бастан өткізу керек. Қажет емес шығындарды азайтқан жөн. Әсіресе мал шашпақтықты доғарайық. Дамылсыз той жасап дамыған ұлтты көрмедім. Бұл дархандықтың емес, ақымақтықтың белгісі. Тойхана салғыш ұлттар, зертхана салғыш ұлттарға тамсанумен өтетін болады. Бұл ақиқат.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1497    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 14:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31