Ту ол табынатын нәрсе емес

29 мамыр 2022, 22:44

ИК жайлы алдында да Аблязов ананың проекті, мынаның проекті деген кезінде түсінбей қалғанмын. ИК ол жастар. Аблязовқа жастармен жағаласып өз рейтингін не үшін түсіру керек болғанын білмедім. Мүмкін солай тапсырыс алды ма екен.

 

Кеше ИК жайлы тағы да шу шықты. Ішіп алып сахнаға шыққан. Кезінде Рахат Тұрлыханов пен басқалары да осылай ішіп алып сахнаға шығып, өлеңіндегі фонограммаға жете алмай жататынын білетін едік. Өткенде Ресейден Қазақстанға келген Дима Билан да осылай ішіп алып қуып жүрген.

 

Қанша жыл өтсе де Мәдениет министрлігі осы нәрсені дұрыс жолға қоя алмағанын көрсетті.

 

Енді ИК-ны соттау керек, үйту керек бүйту керек дейтіндер көбейді. Кеше ғана өзге ұлттар нанынды жеп отырып бастарыңа тышпады ма? Қазақ анандай, қазақ мынандай деп. Ертесіне кешірім видеосын салып құтыла беретін.

 

Жігіттер бір сүрінгенде таптай беру керек па?

 

Жастардың тілін түсінбейсің. ИК-ны жапсаң жастар қарап отырмайды. Ресейдің сол сияқты бір тобын тыңдайды. Оларға ту, анау мынау деп ештеңе айта алмайсың. Американың туын шортик қылып басып отырамыз ғой.

 

Ту ол табынатын нәрсе емес. Оны өртемеді, жыртпады. Қолына орап біреуге бергісі келді.

 

Сосын әр видеоны қосып, сол концертте айтпағанын білсе де хайп қуалап жүрген антиваксер Нұрболхандар жайлы не айтуға болады?

 

Жалпы жабыла шулайтын нәрсе емес деп ойлаймын. Одан да Арыстанбектің бір айлықпен ананша байлықты қалай иелегенгенін, артында кімдер тұрғанын, әлі де осы жағдайлар жалғасып жатқанын талқыласақ болар еді.

 

 

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан