Тіл - тас жарады...

Тұрсишаң жүргенге қоймадан қару тарата беретін ІІБ түгел бақан ұстата салу керек қой

  • Тұрсишаң жүргенге қоймадан қару тарата беретін ІІБ түгел бақан ұстата салу керек қой

    Тұрсишаң жүргенге қоймадан қару тарата беретін ІІБ түгел бақан ұстата салу керек қой

Баяғыда әпенделеу бір кісі болыпты. Ұйқысы қатты екен. Түн ішінде Аттан! Аттан! деген айғайдан шошып оянып дамбалмен далаға атып шықса жігіттер жау бетін қайтарып үлгерген екен. Әпенді де бақанын ала салып солай жүгіріпті. Бері қайтқан жігіттер дамбалшаң далбақтап келе жатқан әлгіні тоқтатады.
- Жау қайда, жау қайда? - дейді ғой әпенді ентігіп. Сөйтсе бір қу:
- Әй, олар сенің дамбалшаң түріңді көре сала тұра қашты, болды қума, жүректерін жарарсың, - депті. Далақтап жүргенде дамбалбауы ағытылып кеткенін әлгі әпенде сол кезде ғана байқапты.

Ертегі шығар, бірақ Павлодардағы оқиғаның жазбасын көріп шын-ау деп қалдым. Әлгінің ұрпағы сол өлкеде тұратын секілді, бір әпенділер автомат асынып алып дамбалшаң далақтап жүр. Өз жұртының ішінде жау қайдалағандар полициямыз дейді. Тұрсишаң жүргенге қоймадан қару тарата беретін ІІБ түгел бақан ұстата салу керек қой.


Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3608    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 16:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31