Түйеқұс секілді басты құмға сұққанмен мәселе шешілмейді...
Есі дұрыс елде сын айтылады. Сын орынды болса, жіберілген қателік түзетіледі. Қате болса, мәдениетті түрде жауап беріледі. Міне бұл демократиялық құндылықтардың негізі. Сын ашық айтылған жағдайда мемлекетімізде орын алып жатқан көптеген былықтардың алды алынар еді. Сын айту бұл Президент уәде берген тыңдайтын мемлекеттің, ашық қоғамның, саяси реформаның алғы шарты. Сыннан қашу, сын айтқандарды қудалау, олардан мемлекетке қауіп төндірер бүлікшіл дұшпан жасау тоталитарлық елдердің ауруы. Түйеқұс секілді басты құмға сұққанмен мәселе шешілмейді.
Қайрат Жолдыбайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан