Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"У меня прабабушка русская" деп қағынан жеріген адамның сөзін айтады

04 тамыз 2022, 15:37

Неге "Қысықкөз", "Табақбет", "Қазанбас", "Маймақ", "Монголоид" деген сөздерге қазақ ренжиді? Сонда қазақ көзі бадырақ, европеоид аққұба, екі бұты ғасырлар бойы атқа отырмағандықтан аяғы түп-түзу халық па?

 

Алдындағы посттың комменттерін оқып, біздің халықта "комплекс белого человека" асқынғанын түсіндім. Ешкім өзін қысықкөз, монголоид, табақбет деп есептегісі келмейді. Барлығы Дольф Лундгрен мен Бред Питт, Анджелина Джоли мен Селин Дион сияқты болғысы келеді. Қанында бір өзге ұлттың қаны болса, сонысымен мақтанады. "У меня бабушка татарка", "у меня прабабушка русская" деп қағынан жеріген адамның сөзін айтады.

 

Алдындағы пост - қазақ қоғамының Ресейден қашқан адамдар үшін ыңғайлы жер екенін жеткізу посты. Ыңғайлы климат жасап отырған өзіміз. Әуежай, ЦОН, Кафе-Ресторандарда орысша сөйлейміз. Сырттан келген Ресей азаматына өзіміз "қазақ тілі керек емес" деген сенімді ұялатамыз.

 

Мына фотода әйгілі КҮЛТЕГІН бабамыздың бейнесі. Алдындағы постта "қазақты қысықкөз деме", "өзің маймақсың", "табақбет деп ұлтыңды кемсітпе" деген қолданушыларға сәлем. Біз барлығымыз ТАБАҚБЕТ, ҚАЗАНБАСПЫЗ. Бабаларымыз ғасырлар бойы аттың үстіне отырғаннан, сенің аяғың түзу болуы мүмкін емес.

 

 

 

 

Samat Nordman Nurtaza

Фейсбуктегі парақшасынан