Тіл - тас жарады...

Үкіметтің халыққа жағдай жасаудағы шешімі, неге керісінше халықтың жағдайын нашарлатуға бағытталған!

  • Үкіметтің халыққа жағдай жасаудағы шешімі, неге керісінше халықтың жағдайын нашарлатуға бағытталған!

    Үкіметтің халыққа жағдай жасаудағы шешімі, неге керісінше халықтың жағдайын нашарлатуға бағытталған!

Шығыста бюджеттік мекемелерде штаттық бірлікті қысқарту, оңтайландыру мәселесі қызу қолға алына бастады. Онсыз да "шықпа жаным шықпа" деп отырған қарапайым қызыметкерлер қысқарып жатса қайда барып күн көрмек!? Неге кез келген қысқарту, оңтайландыру мәдениет мекемелеріне бірінші боп тиіп жатады? Мәдениетіміз дамымай, экономикамыз ешуақытта көтерілмейтінін неге естен шығара береміз? Әсіресе, Тарбағатай, Катон Қарағай, Үржар, Зайсан, Күршім сияқты шекара бойында орналасқан аудандарға қысқарту жүргізу деген үлкен саяси қателік деп білемін! Шекара аймақтарына онсыз да адам апара алмай отырғанда, мына "тапқырлыққа" жол болсын! Керісінше, бұл аймақтарға қосымша штаттық бірліктер берілуге тиіс емес пе! Осындай шешім боп жатса, әділеттілік болмай ма! Шекара аймақтарын дамытатын мемлекеттік бағдарлама қайда!? Ол бар болса мына болып жатқан қысқартуларға неге тосқауыл қоймайды!? Бір қолымызбен тұрғызып, екінші қолымызбен құлатқанды қашан қоямыз? Ауылдарда жұмыстан қысқарғандардың жұмыс табуы екіталай, тіпті мүмкін емес! Сонда олар қайда барады? Үкіметтің халыққа жағдай жасаудағы шешімі, неге керісінше халықтың жағдайын нашарлатуға бағытталған! Қызыметкерлері айына миллиондап еңбекақы алатын Ұлттық компанияларда неге қысқарту баяу жүргізілуде? Бұл мәселеге Парламенттің "су жаңа" депутаттары неге араласпай жатыр?Сұрақ көп, жауап жоқ!

Tusiphan Tusipbekov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2903    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.01.2021, 10:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31