Тіл - тас жарады...

Үкіметтің субсидиясымен байыған қалталылардың елге қарасатын кезі келді

  • Үкіметтің субсидиясымен байыған қалталылардың елге қарасатын кезі келді

    Үкіметтің субсидиясымен байыған қалталылардың елге қарасатын кезі келді

БЕКЕМ БОЛАЙЫҚ, Қазақ Елі!

639 жылы Таяу Шығыста оба індеті тарап, халық жаппай қырыла бастайды. Олардың ішінде әйгілі сахабалар, әскер жетекшілері Әбу Убайд, Шурахбил ибн Хасан, Язид ибн Абу Суфян және т.б бақилық болды.
Мұсылмандардың халифы Омар ибн Хаттаб (р.а) Медине қаласынан Шамды бағытқа алады. Оны Серх елді мекенінен Сирияда жауапты болған белді адамдары күтіп алып, жағдайды баяндайды.
Халиф жолсерік болған сахабаларымен ақылдасады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сенімді серігі болған Абдуррахман ибн Ауф: "Бір жерде оба шыққанын естісеңдер, ол жерге бармаңдар. Егер сен тұрып жатқан жерде оба шықса, ол жерден кетпе" деген хадисті алға тартады.

Осы сөзге тоқтаған Омар инб Хаттаб (р.а) кері қайтады.
Сонда сахабалар: "Омар, Аллаһтың тағдырынан қашып барамысың?", – дегенінде: "Аллаһтың тағдырынан – Аллаһтың тағдырына қашып барамын" деп жауап береді.

Міне, мұсылман деп жүрегі соққан әрбір адам үшін тәлім өрнегі осындай. Елде төтенше жағдай жарияланып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында карантин енгізілген кезде осыны басшылыққа алған абзал...

Әлемдерді Жаратушы Иеміз барлық аурумен бірге оның кілтін біледі, әрі береді. Оған мына хадис дәлел: "Аллаһ бір ауру жіберсе, сөзсіз артынан емдеу жолын да көрсетеді. Тек бір аурудың емі жоқ. Ол – кәрілік".

Жалпы ұлттың тарихи жады мен тағылымынан оба, қараөкпе, шешек індетімен бетбе-бет келгені белгілі. Сондай қысылтаяң кезде қоныстар мен қалаларда қара ту көтеріліп, эпидемиядан белгі беріп, қара індеттің жайылып кетуінен сақтандырып отырды.
Көненің көзін болған қариялар "таңертен есігі ашылмаған үйдің адамдары түгел кеселден қырылып қалатын" дегенді естеген едім. Шүкір, талай сын сағатын еңсердік, бұл да артта қалар...

Ұлттың тегіндегі осындай қасиеттерді оятып, сабырлық пен ұстамдылықты басшылыққа алып, бір-бірімізге демеу болатын кез туды.

Әсіресе нарықтағы әлеуметтік азық-түлік түрлері қолдан қымбаттатып жібермесе игі. Үкіметтің субсидиясымен байыған қалталылардың елге қарасатын кезі келді. Ең болмағанда қарамағындағы қызметкерді жұмыссыз қалдырмаса дейміз. Әшейінде көрсеткен көмегін көпке жариялап, мақтанып жүретіндер шынайы қайырымдылығын көрсетсе екен.

Бекем болайық, бірге болайық, Қазақ Елі!

Нұрлат Байгенже
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 686    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 12:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30