Тіл - тас жарады...

"Ұлтшылдық" "национализмнің" қазақшасы емес!

  • "Ұлтшылдық" "национализмнің" қазақшасы емес!

ҰЛТШЫЛДЫҚ ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ...


1- Иә, мен ұлтшылмын... "Ұлтшылдық" "национализмнің" қазақшасы емес! "Национализм" деген сөзді түркі тілдеріне аударуға болмайды...


2- Өйткені, ол біздің санамызда жоқ ұғым. Бізде жоқ нәрсені тілімізге аударудың керегі де, аудару мүмкіндігі де жоқ!


3- Өйткені, национализм және оның шовинизм, расизм, фашизм, национал-социализм секілді түрлері - психикалық аурулар болып табылады!.. Түркі ұлты, тарих сахынасына шыққан күннен бері осындай аурулармен ауырған емес, ауырмайды да!


4- Өйткені, біз, адам баласын "төменгі" және "жоғарғы" нәсілдер деп бөлмейміз!


5- Өйткені, біз, барлық ұлттарды сыйлаймыз; басқа ұлттарды жек көру, қыру, жоқ қылу былай тұрмақ, тіпті көбінесе -мойындайық - өзімізден де жақсы көреміз!


6- Өйткені, өзге ұлттарды кемсіту, оларды басыну, шетке қағу біздің түсімізге де кірмес!.. Бір "күшті" ұлт "күшсіз" ұлтты езіп жатса, - тағы да мойындайық- әрқашан да күшсізбен бірге болатын халықпыз!


Мысалы Түркияда Национализмді "Nasyonalizm", ұлтшылдықты "milliyetçilik" дейді... СССР-ға кірмеген басқа түркі тілдерінде де осы екі ұғым екі сөзбен айтылады.


Қай ұлт "националист" болса бола берсін, олар түсінетін тілмен айтқанда, бұл олардың ғана "проблемасы"... Национализм ауруын өз тілімізге ұлтшылдық деп аударып, оның орнына "ұлтжандылық", "отансүйгіштік" сияқты жасанды сөздер іздеп табудың керегі қаншалық??? Ұлтшылдық - Ұлы Далаға тән, адамгершіліктен алыстамаған, ұлы ұғым... Ұлтшылдық - еш бір партиянікі, ұйымдікі емес, түркі ұлтының өзінің құндылығы...


Сол үшін, айналайын ұлтым-ау, бір күні бүкіл адам баласын әділеттілікке бастау үшін, ең алдымен біз бірігейік, бір болайық, ең алдымен өз ұлтымызды сүйіп, бәріміз ұялмай "ұлтшыл" атана берейік!..


Оғыз Доған

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1490    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 15:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31