Тіл - тас жарады...

Ұлттық намысымыз өліп қалған, ез, жігерсіз жұрт болып тұрмыз

  • Ұлттық намысымыз өліп қалған, ез, жігерсіз жұрт болып тұрмыз

    Ұлттық намысымыз өліп қалған, ез, жігерсіз жұрт болып тұрмыз

ҚАЗАҚТЫҢ НАМЫСЫН ЖАНИТЫН КЕЗ КЕЛДІ!


Кейде «біз өзі қандай елміз, не қылған ұлтпыз» деген ой келеді. Жүрегің ауырады. Қарадан қарап тұрып қаның қайнайды. Неге? Мұның себептері өте көп. Біз көп жерде ұтылып жатқан ұлтпыз. Өз жерімізде өмір сүрсекте, айналамыздағы өзге ұлт өкілдерінің алдында бір пәс төмен тартып тұрамыз. Осындай жағдайға жеткізген шенеуніктердің жүргізіп жатқан саясаты ғой деп ойлаймын. Өйткені «Бірлігіміз жарасқан, біз көп ұлтты елміз. Бәрі тең құқылы. Тыныштық керек» деген сияқты жалған ұрандар аясында қазақтың мүддесі тапталып жатады. Кейде ұлтарасында бола қалатын кикілжіңдерде қазақты кінәлі етіп, құрбандыққа шала салатын кезде көп. Осының бәрін көріп тұрып неге ыза болмайсың. Бәрінде қойшы. Біздің ең бір сорлылығымыз ол - тәуелсіздік алғалы бері не бәрі екі ғана заңды қазақ тілінде жазыппыз. Қалғаны теріскейдегі көршінің яғни Ресей тілінде жазылған. Мұны Сенат депутаты Мұрат Баяқтиярұлы өзі мойындап, жазып отыр. Бұдан өткен сорақылық бар ма? Еш елде мұндай бассыздық жоқ шығар. Сонда деймін, біздің тәуелсіз ел екеніміз, өзіміздің ана тіліміз бар екені қайда қалған? Әлде біз Ресейдің бір губерниясымыз ба? Демек ұлттық намысымыз өліп қалған, ез, жігерсіз жұрт болып тұрмыз. Қысқасы ана тілімізді жөнге қоймай, ештеңе өнбесі хақ! Ол үшін билікке ұлттың мүддесін бірінші орынға қоятын азаматтар келмей іс бітпесі анық. 

Азаматхан Әміртай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1956    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31