Тіл - тас жарады...

Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі – тіл

  • Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі – тіл

    Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі – тіл

 Ататүрік Кемалдың халқы үшін жасаған тірлігі айтарлық. Ол билікке келген бойда (1920-жылдар) бірнеше рет реформа жасап, негізін қалаған екі мекеме бар. Бірі «Түрік тілі» ұйымы, екіншісі «Түрік тарихы» ұйымы. «Түрік тілі» ұйымы ішінде парсы, араб сөздері әбден араласып кеткен, халық түсінбейтін, оқи алмайтын тілдің орнына таза түркі негіздегі сөздерді жаздыра отырып, тілді тазалау және сауаттандырумен шұғылданды. «Түрік тарихы» ұйымы түрік тарихын ұлттық тұрғыдан жазуды қолға алды.
А.Кемалдың тіл туралы айтқан аталы сөздері де бүгінгі түркітілдес халықтарға да үлгі боларлықтай екен.
..."Түрік Республикасын құрған – түрік халқы, түрік ұлты. Түрік ұлты деген сөз – түрік тілі деген сөз. Түрік тілі – түрік ұлтының қасиетті қазынасы. Өйткені түрік ұлты өткен¬дегі бақытсыздықтардың ішінде өзінің адамгершілі¬гінің, салт-дәстүрінің, естеліктерінің, мүдделерінің, қысқасы, бүгін өзін ұлт ретінде қалыптастырған өмір¬дегі барлық нәрсенің осы қасиетті тілінің арқасында сақталғанын көріп отыр. Түрік тілі – түрік ұлтының жүрегі және ақыл-ойы".
"Түрік тілі ешқандай кірме сөздерге зәру емес» дейтіндердің пайымдауларын да іс жүзінде сынап көрдік. Тілімізді тұйыққа тіреген екенбіз. Тілді мұндай тұйықта тастауға бола ма? Жоқ! Біз енді бәрінен бұрын оны құтқаруды ойластырайық!

... Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі – тіл. «Мен – түрік ұлтынанмын» дейтін адам бәрінен бұрын және міндетті түрде түрік тілінде сөйлеуге тиіс. Түрік тілінде сөйлемейтін адам өзінің түрік қауымына және түрік мәдениетіне жататынын қаншама қайталаса да, бұған сену дұрыс болмайды…
Ойланатын нәрсе көп.

Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31