Тіл - тас жарады...

Ұлы ғұламаның түрін жасап алған пысықай парықсыздарға еріп далақтап шауып жүргендер қаншама

  • Ұлы ғұламаның түрін жасап алған пысықай парықсыздарға еріп далақтап шауып жүргендер қаншама

    Ұлы ғұламаның түрін жасап алған пысықай парықсыздарға еріп далақтап шауып жүргендер қаншама

Қоғамда лас жолмен танымал болған белгілі тұлғалар да болады. Ондайлармен қатар жүру былай тұрсын, аман-сәлемін алудың өзі жиіркенішті. Себебі, ондай арамзаларда ешқандай құндылық болған емес, болмайды да. Бар болғаны, жасанды сөз бен жалған әрекет, алдамшы тірлігі ғана. Қайсыбірі бақай есеппен әлде біреудің еңбегі мен күш-қуатын пайдаланып атын шығарып жүр. Енді бірі қолында дәулеті мен құзыры барлардың алды-артына шығып, құйыршығын бұлғаңдатып сүйек дәметкен бұралқы ит секілді тыраштанып әлек. Ең қиыны, жұрттың соларға бас-көзсіз табынып, "элита", "зиялы", "ұлттың қаймағы" деп, шатасып төрден орын сайлап, топ ортада сөз беріп шатасатындығы. Албырт жастардың біраз бөлігі Абай айтқандай "көп айтса көнді, жұрт айтса болды" деп еш танып білместен, тереңге бойламастан кез келгеніне еш ойланбастан PR жасай беретіндігі. Бір шығармасын оқымай тұрып-ақ, азғана топтың сөзіне еріп "пәленше - ұлы жазушы", "түгенше - біртуар" немесе "ғасырда тумайтын ұлы бірдеме" деп ойланбастан мадақтай жөнелетін ормауыздар қаптап кетті. Өтірікке имандай сеніп, ұлы ғұламаның түрін жасап алған пысықай парықсыздарға еріп далақтап шауып жүргендер қаншама. Дәл қазіргідей сын сағатта ұлттың қамын ойлаған кімдер бар, олар қоғамда қалай үн қатып жүр? Ісіне қарап, үлгі-өнегесін көріп барып шынайы бағасын беруге тырысайықшы, әр популистің жетегінде кете бермей!


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1727    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.09.2019, 11:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31