Тіл - тас жарады...

Үндемей жүріп, үндемей өлсең - оларға керегі сол

  • Үндемей жүріп, үндемей өлсең - оларға керегі сол

    Үндемей жүріп, үндемей өлсең - оларға керегі сол

Əкімге құлдық ұрған құлдық санадан қашан құтыламыз?


Қазіргі Қазақстанда еш əкім халық сайламай халықтың тұрмыс тіршілігінің мəселелерін толық шеше алмайды. Шешуге олар мүдделі де емес. Жұрт та талап етуге құлықсыз.


Мысалы өзім жақсы білетін Атырауда екі күннің бірінде сасық иістен ел қырылып қала жаздайды.


Жыр болған күнде жолаушы өліп жатқан Астрахань жолының проблемасы бір бөлек. Жүздеген тонна балықтың қырылғаны кеше ғана.


Бір таныстарым биік үйде тұрады - Алмагүлде. Салынғаннан лифтісі - жоқ! Қай антұрғанның "арқалап" кеткенін! Сонда да үн жоқ қой жұртта.


Таң қалатыным, бəрінің айтатыны ШҮКІР!


Шүкірмен жүріп өмірің жақсармайды, ағайын! Жағдайыңды жасау, жергілікті əкімдіктің басты міндеті! Өйткені ол сенің салығыңа жалдап алған ЖАЛДАУЛЫ ҚҰЛЫҢ! Құйрығынан теуіп тұрып жұмсауға толық құқың бар!


Үндемей жүріп, үндемей өлсең - оларға керегі сол. Салығыңды жеп, миллиондап ұрлап, шетелге тығып, жебір шенеуніктер ұрпағын көбейте береді.


Күнделікті тұрмыс-тіршілігіңдегі қажетті қамтамасыз етуді талап ету керек. Өйткені бұл олардың басты міндеті. Тіпті Н.Назарбаевтың өзі де соны талап етіп отыр олардан!


Ұрғаны бар ма саған жағдай жасап, егер түтінге тұншығып, өлген балықты қуырып жеп, басыңды бұтыңа тығып отыра берсең!


Zhenis Kenzhesuly Kuspan

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 753    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.01.2019, 11:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31