Ұрпақтың денсаулығына балта шауып беретін білімнің атасына нәлет?!

26 қыркүйек 2019, 12:28

Бүгінгі жазбамды Білім Министірінің назарына ұсынамын!
Автобусқа мінгенім сол екен, іші тола оқушылар. Бір бүлдіршін қыз орын берді. Жайғаса бере арқасындағы сөмкесін алдыма қоюға алмақ болдым. Зілқаратас?! Сыртындағы қалташасында спорт киімін қосымша арқаланған. Кемі 8 кіләдай салмақты 7 жастағы қыз арқалап тұр?! Не сұмдық?! Анадай салмақты арқалағаннан жұлынына зақым келерін Білім министірі ойламай ма? Қара халықтың баласында сіздердің балаларыңызды таситындай қызмет көлігі жоқ! Жаяу жүреді. Күнде 8-9 кг сөмке арқалаған қыздың жатыры зақымданып, Ана болу бақытынан айрылып, ұлың белсіз қалу мүмкіндігін ойлайтын жан бар ма? Ұрпақтың денсаулығына балта шауып беретін білімнің атасына нәлет?! Жарымжан ұрпақты қолдан дайындап жатыр. Күпілдеткен 30 елдің қатарына экономикамызды қайдам - "ұрпағы шалажансар мемлекет" ретінде енуге 100% шанысы бар елміз. Шетелдер секілді мектепте әр балаға арналған шкафтар қашан қолға алынады? Айналайындар-ау, бұл ғасырда түзелмейтін экономикаңды күпілдеткенше, баланың шкафын қолға алшы?! Жылына екі рет жалған жол жөндеуге жұмсалатын шашетек қаржыны неге білім саласының балаға қызмет көрсетуіне жұмсамасқа? Қоршаған бақытсыздықтан түңіледі екенсің?!

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан