Тіл - тас жарады...

Ұстаз неге бақша қорыған қарақшыдай әжетхана жанында қарайып тұруы керек?

  • Ұстаз неге бақша қорыған қарақшыдай әжетхана жанында қарайып тұруы керек?

    Ұстаз неге бақша қорыған қарақшыдай әжетхана жанында қарайып тұруы керек?

Шымент менің түсінігімде 100% қазақ, Түркістан - 200%. Жаңа бір бейнежазба көрдім, үш-төрт полицей бір мұғалімге орысша зіркілдеп, тартқылап жүр. Ұстаз әжетхананы дұрыс күзетпеген екен?! Өткендегі әжетхана дауы ептілерге оңтайлы болды, қара жол бойына үш жүз бірдеңе туалет салады, оның әрқайсысына шамамен ай сайын бюджеттен 1 млн теңгеден бөлінеді! Ай сайын 300 млн теңгеден аса ақша ысырап екен. Бір жылда кеткен қаржы бірнеше ауылға жаңа мектеп салуға жарайды. Нән котедждің коммуналдық ақысы 1 туалеттің шығынындай емес. Соған қарағанда түбегі алтын, едені күміс болар, нәжіс ағызатын суды Қызыл теңізден тасыр... Ешкім жол бойында жанармай бекеті көп, солардың қожайындарын сапалы сервиске міндеттейік демеді. Жанармай бекетін ашатын болсаң әжетхана саласың, соның тазалығына жауапты боласың деген бір-ақ ауыз талап еді. Қазіргі көзалдарға қойылғант төрт қабырға, дәу тесіктерді құртсын. Қайдан, Шер-аға айтқан "тышақтан" тамсана тиын сору процессі басталып кетті. Ал, мектеп тәртібі мен әжетханасының проблемасы, оқушылар қауіпсіздігі тұтас ұстаздарға артылыпты. Ұстаз неге сабақтан бос уақытында бақша қорыған қарақшыдай әжетхана жанында қарайып тұруы керек? Қазақстан полициясы өте көп елдер қатарында. Туалет күзетіп қорланған мұғалімдерді үш-төрттен аңдып, ерігіп, зерігіп жүрген соларды қою керек!

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2408    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.12.2019, 22:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29