Үстіңдегі киіміңнің бәрі қытай мен бішкек, сөйтіп отырып ата бабаңды айтып шалқақтайсың!

17 ақпан 2021, 09:18

Өткен нәрсе өтті, бүгінгімен өмір сүру керек!
Ата бабамыз батыр болған, ата әжелеріміз ашаршылық көрген, жетпіс жыл орыстардың бодандығында болғанбыз, яғни оның бәрі өткен шақ!
Тарихты білген дұрыс, бірақ оны қәзіргі уақытпен саясаттандырудың қажеті жоқ!
Өткен шақпен емес, бүгінгі күнмен өмір сүрейік!
Дамыған елдер электр энергиясымен жүретін көлік шығарып жатыр.
Ал біз сол мыжып жүрміз ата бабамыз, батыр болған, ашаршылық көрген деп!
Бұтыңдағы дамбалыңды тігетін фабрикаң жоқ!
Үстіңдегі киіміңнің бәрі қытай мен бішкек, сөйтіп отырып ата бабаңды айтып шалқақтайсың!
Әрбір уақыттың өзі тарих! Біздің уақытта ертең тарихта қалады. Сол кезде біздің болашақ ұрпақ не деп айтады? Фейсбукта жатып алып, ашаршылық көрген ата бабаларымызды ұмытпай ұрандап жүретін батыр ағаларымыз болған деп пе?
Өркениетті дамыған елдер өткен шақпен емес, болашақпен өмір сүреді!
Өткенді қаза берудің қажеті жоқ, бәрібір түбіне жетпейсің, себебі ол уақытта сен өмір сүрген жоқсың!
Сен де қәзіргі уақыт бар, қолыңнан келсе сол ата бабаң жасай алмаған істі қәзір жаса, сен де керемет мүмкіндік бар!
Бейбітшілік, тоқшылық заманда өмір сүріп жатырмыз!
Дамыған елдер қатарына қосылуға асығайық, өткенді қазуға емес!
Ал тарихты айтасыңдар ма, оны қәзіргі уақытпен саясаттандырып қажеті жоқ!

Айгүл Орынбек

Фейсбуктегі парақшасынан