Тіл - тас жарады...

Ұялмай ұлы дала еліміз деп қоямыз...

  • Ұялмай ұлы дала еліміз деп қоямыз...

    Ұялмай ұлы дала еліміз деп қоямыз...

Ұлымыз ба? Ұрымыз ба?

Сардинияда аралындағы бір турист "Құм ұрлағаны үшін ұсталды" деген ақпаратты оқыдым. Ол азамат осы қылмысы үшін 6 жыл түрмеге жабылуы мүмкін екен. Басқа мемлекеттер құмының өзін қорғап, қатал заңмен қамтамасыз етіп жатыр. Біздің елдегі ұрлық ше? Ауылдағы елді зарлатқан мал ұрлаушылардың, қаладағы тұрғындардың үйін тонаушылардың, көліктің айнасын пайдасына жаратушылардың, тіпті темір тұлпарыңды "теуіп" кетушілердің қатары күн санап көбейіп келеді. Өткенде ғана, бір ағамның үйін үптеп кетті. Бұл айтып отырғанымыз ұралардың ұсағы. Ал, ғылымға бөлінген қаражатты, медицинаға бөлінген миллиардтарды, тағы басқа көптеген қазынаны ұрлағандар тайраңдап жүр. Оны сіз бен біз жақсы білеміз. Бәрі ұры. Біреу қолымен, біреу жолымен, біреу ақылымен, біреу билігімен, біреу қулығымен, біреу танысымен ұрлап жүр. Ұялмай ұлы дала еліміз деп қоямыз. Қазір осы ұлы деген сөздің орнын "ұры" сөзі басып тұрғандай. Ұрылар азаймай, ұлы даланың ұлы бола алмаймыз-ау.


Казырет Бердихан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2271    Пікірлер: 0

сенбі, 02.11.2019, 17:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30