Вакцина деген ойыншық емес. Оның артында халықтың денсаулығы тұр
Ресейде бірдеме шыға қалса болды, біздікілер солардың жасаған нәрсесін керемет көріп тұра жүгіретінін қоймады ғой. Коронавирусқа қарсы ойлап тапқан вакцинасын алуға асықпай, тұра тұру керек. ДДҰ-да жаңа препаратты әлі де тексеру керек екенін айтып отыр екен. Оны біздегілер халыққа салып сынап көргелі жатыр ма, сол жағын түсінбедім. Вакцина деген ойыншық емес. Оның артында халықтың денсаулығы тұр. Қаншама миллиондаған ақшаға сатып алады. Біреулер оны малға да салуға болмайды деп айтыпты. Путин оны өзінің қызына салдырыпты, егер шын болса. Бұл – вакцинаны өткізу үшін жасалған қулық (пиар) болуы да мүмкін. Оның үстіне вакцинаны қызына салды ма, салмады ма – оны тексерген тағы ешкім жоқ. Вакцина дегеніміз үлкен бизнес қой, жарандар!
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан