Тілім - тағдырым

Әскерилер ана тіліміздің айбарын асырды

  • Әскерилер ана тіліміздің айбарын асырды

    Әскерилер ана тіліміздің айбарын асырды

Ана тіліміздің айбары артып мерейі үстем болуы үшін қоғамдағы әрбір саланың қосар үлесі мол. Мемлекеттік тіл мәселесі кез келген жерде де өзекті. Біздің көпшілігімізде әскери салада көбінесе орыс тілі қолданылады деген теріс түсінік әлі де бар. Бірақ шын мәнісінде олай емес. Қазіргі таңда әскерилер арасында мемлекеттік тілдің дамуына көп көңіл бөлінеді.

Оның бір дәлелі ретінде біз Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының лингвистикалық орталығы әскери сала мамандарының арасында «Ұлы даланың – ұлы тілі» атты командалық байқау ұйымдастырғанын айта аламыз. Бұл шара емлекеттік қызметшілер күнінің құрметіне байланысты Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті.

Байқауға 6699-әскери бөлімінің «Сұңқар», Өскемен гарнизоны әскери полициясының «Парыз», 5518-әскери бөлімінің «Сардар», 2034-әскери бөлімінің «Сарбаз» және 2793-әскери бөлімінің «Айбын» командалары қатысып бақ сынасты. Сайысқа қатысушылар байқаудың «Тіл-бәйге», «Тіл-ұстарту», «Тілтаным», «Тіл мәдениет» және «Тіл-өнер» сияқты бес кезеңнен тұратын шарты бойынша сынға түсті. Бұл тапсырмалар танымдық, логикалық және шапшаңдықты қажет етеді.

Қатысқан командалардың өнерін, білімін, сөйлеу шеберлігін бағалау үшін қазылар алқасы әскери сала қызметкерлерінің берілген тақырыптар, жағдаяттық тапсырмалар бойынша мәлімет беруін және өз ойын еркін жеткізе алуына, сөз саптауы мен тіл байлығына және тапсырманы орындау кезінде команда мүшелерінің толық қатысуына көп көңіл бөлді.

Байқау өте тартысты өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені 2793-әскери бөлімінің «Айбын» командасы еншіледі. Ал бірінші орынды Өскемен гарнизоны әскери полициясының «Парыз» командасы қанжығасына байлады. Екінші орынға 5518-әскери бөлімінің «Сардар» командасы ие болса, 2034-әскери бөлімінің «Сарбаз» командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы байқаудың жеңімпаздарын дипломдарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, 6699-әскери бөлімнің «Сұңқар» командасының мүшелерінің де еңбегі жоғары бағаланып, оларға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғысхаты берілді.

Қатысушылардың өнері көрермендердің де көңілінен шықты. Әскерилердің ана тіліміздің айбарын асырған өнеріне разы болғандар, бұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деп тілек білдірді.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

сенбі, 29.06.2019, 01:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30