Тілім - тағдырым

Батыс Қазақстанда мемлекеттік жас қызметкерлер арасында тіл шеберлері анықталды

  • Батыс Қазақстанда мемлекеттік жас қызметкерлер арасында тіл шеберлері анықталды

    Батыс Қазақстанда мемлекеттік жас қызметкерлер арасында тіл шеберлері анықталды

Тіл ұлттың басты құндылығы. Сондықтан елімізде тілді дамыту бағытында қыруар шаралар атқарылып жатыр. Бұндай игі шаралар республика облыс, аудан, ауыл көлемінде көптеп өтуде. Әрбір ұйымдастырылған іс-шараның тілді дамытып, насихаттауда атқарар рөлі орасан. Осындай байқаулар жас ұрпақтың тілге деген құрмет қасиетін терңдете түсері анық.

Мемлекетіміз бұл бағытта кешенді бағдарламалар қабылдап, жүйелі түрде жолға қойып, тіл дамуына жол ашып отыр. Бұндай іргелі жобалардың бірі деп «2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды ақпараттық қолдау және түсіндіру» бағдарламасын айтуға болады. Бұл құжатта бағдарламаның нақты міндеттері нақты бекітіліп берілген. Атап айтсақ, мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау; мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту; мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру; мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру; мемлекеттік тілге сұранысты арттыру; қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру мен жүйелеу; тіл мәдениетін жетілдіру; коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қолданысын сақтау; Қазақстандағы тілдік алуандықты сақтау; ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену. Міне бұл тізімнен көріп отырғанымыздай тілді дамытудың барлық қырлары заман талабына сай жан-жақты қамтылған.

Осы бағдарлама аясында іс-шараларды еліміздің түкпір-түкпірінде ірілі-ұсақты көптеген шаралар өткізіліп жатыр. Мәселен жақында ғана Батыс Қазақстан облысында жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық «Тіл шебері – 2019» байқауы өтті. Бұл іс-шара облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ұйымдастырылды. Оған осы облыстың аудандарынан және Орал қаласынан сегіз үміткер қатысып, бақ сынасты.

Байқау мемлекеттік жас қызметкерлердің арасынан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мамандарды анықтап, оларға қолдау көрсетіп, тіл мәдениетін одан ары дамытып, үштілділікті насихаттай түсуді мақсат тұтты. Тағы бір айта кетерлігі, байқауда жастар үш аталым -бойынша бақ сынап, өз өнерлерін ортаға салды. Осы үш бағытқа жеке-жеке тоқталар болсақ, бірінші берілген тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашып, қазақтың ұлттық киімінде өнер көрсету үшін «Тұсаукесер» аталымында өнер көрсетті. Екінші, «Өнертаным» аталымында ағылшын тілінде өнер көрсетіп, ән айтып, өлең оқу немесе шағын қойылым қойды. Ал үшінші «Ұлттаным» аталымында сұрақ-жауап бағытында сайысқа түсті. Бұл аталымның талабы ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қойған сұрақтарына қатысушылар жауап беріп өз білімдерін көрсетті.

Нағыз «сен тұр мен атайын» деп жалындап тұрған жастардың арасынан бірінші орынды Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерболат Мұхтарұлы қанжығасына байлады. Ал екінші орынды Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Ботагөз Хайрбаева иемденді. Үшінші орынға Казталов ауданының әкімі аппаратының маманы Ерлан Нұрланұлы мен Жымпиты ауылдық округінің әкімі аппаратының маманы Ақмаржан Оразаева қол жеткізді.

Байқау өте қызықты және тартысты өтті. Сондықтан жүлдеге қол жеткізе алмаған барлық қатысушылардың өнерлері де жоғары деңгейде деген ой түйдік. Болашақта тіліміздің болашағы жарқын болып, жас мамандардың бойында өз тілін жетік білумен қатар көп тілді меңгерген біліміділік қалыптасса мемлекетік бағдарламалардың көздеген мақсаты іске асқаны деуге болады. Өйткені «2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды ақпараттық қолдау және түсіндіру» бағдарламасының мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Сондықтан осындай игі шаралар барлық аймақтарда жалғасын табары анық.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 200    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 12:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30