Тілім - тағдырым

Бес жүз бала үш ай бойы ағылшын тілін тегін оқып, үздіктері Ұлыбританияға жолдама алды

  • Бес жүз бала үш ай бойы ағылшын тілін тегін оқып, үздіктері Ұлыбританияға жолдама алды

    Бес жүз бала үш ай бойы ағылшын тілін тегін оқып, үздіктері Ұлыбританияға жолдама алды

Қазіргі уақыт жаһандану үрдісіне бет бұрған заман. Болашақта өркениет көшіне ілесу үшін тіл білудің маңызы зор. Неғұрлым көп тіл білген адамның соншалықты мүмкіндігі көбейе түсері анық. Оның ішінде ғылым-білімге ден қойып, замана көшіне ілесу үшін ағылшын тілін білу өте маңызды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осыдан біраз жыл бұрын «Ресей 24» телеарнасына берген сұхбатында «Біз, қазақтар, әлемдік ғылым мен мәдениетке орыс тілі арқылы шықтық. Бірақ қазір ағылшын тілін меңгеріп, көкжиегімізді кеңейте түсуіміз қажет», – деген болатын.

Қазір елімізде тіл үйренем деген адамға барлық мүмкіндік қарастырылған. Тек адам өзі ынталанып, ниет білдірсе болғаны. Тіпті орта мектептердің өзінде кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту қолға алына бастағаны анық. Әрине жаппай солай деп айтуға болмас. Бірақ тәжірибе үшін де солай жасалып, қазір жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқитын сыныптар жасақталған. Ол уақыт талабы екені даусыз.

Мемлекеттік тілді одан ары дамытып, сонымен қатар басқа тілдерді де меңгерту үшін елімізде арнайы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қолға алынып, жұмыс істелініп келе жатқанына да біраз жылдың жүзі болды. Ол бағдарламада «Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттілігі. Бұл аспектіде қазақстандықтардың бәсекелестік басымдығы ретінде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтауға, Қазақстан мәдениетінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этностардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар топтамасы бар» - деп ерекше атап көрсетілген. Бұндай игілікті істің нәтижесін, жеткен жетістігін күнделікіті өмірде көріп те жүрміз. Қазіргі жастардың көпшілігі бірнеше тілді еркін меңгерген. Ал, ондай жастар өркениет көшіне ілесіп, қоғамға пайдалы маман болары сөзсіз.

Қазір елімізде жыл сайын жазғы демалыстырын шетелде өткізіп, соның арқасында тілдерін дамытуға күш салатын жастар да көп. Ол осы бағдарлама аясында атқарылған игілікті істің нәтижесі. Осындай игі істің бірі ретінде елордалық балалардың биыл жазғы демалысын Лондонда өткізетінін айтқан жөн. Атап айтсақ Нұр-Сұлтан қаласында өткен «OPEN MIND» қайырымдылық жобасы мәресіне жетіп, осы жобаның қорытындысы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан үш жеткіншек жазғы демалыстарында Лондонға барып қайтады. Үш ай бойы Елордадағы «Алматы» ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан бес жүз бала заманауи бағдарламалар бойынша ағылшын тілін тегін оқыған. Осы оқушылардың арасынан үздік болып шығып, яғни курстың қорытындысы бойынша арнайы сынақ тапсырып және арнайы әңгімелесу түрінде болатын сынақтан да ойдағыдай өткен үш үздік оқушы Англияға демалысқа барады

Сонымен қатар, мұғалімдерге де жақсы мүмкіндік жасалып отыр. Олар арнайы сынақтарды тапсырып, өз тақырыптарында презентация дайындайды. Осы сыннан сүрінбей өткен дарынды үш мұғалім британдық баспалардың біріндегі Афины филиалында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Бұл игі жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мен алматылықпын» атты қоғамдық қозғалысының және Елорданың «Алматы» ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен іске асып отыр.

Балалар демалысқа шығар алдында осы жобаның ресми жабылу салтанаты өтті. Ресми шарада үздік деп таңылған жеңімпаздарға Ұлыбританияға жолдама табыс етілді. Сондай-ақ барлық қатысушыларға да сертификаттар мен алғыс хаттар берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда оқушылар мен мамандардың білімін жетілдіріп, шет тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру мақсатында жасылынған бұндай маңызды жобалар болашақта да жалғасын табады.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 462    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 13:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30