Тілім - тағдырым

«Елбасы және Елорда» атты республикалық радиомүшәйраның жеңімпаздары марапатталды

  • «Елбасы және Елорда» атты республикалық радиомүшәйраның жеңімпаздары марапатталды

    «Елбасы және Елорда» атты республикалық радиомүшәйраның жеңімпаздары марапатталды

«Қазақстан» орталық концерт залында Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай тіл жанашырларын және «Елбасы және Елорда» атты республикалық жас ақындар арасында өткен радиомүшәйраның жүлдегерлерін марапаттау, сондай-ақ жыр жинағының салтанатты тұсаукесері болды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Мәдени шараға қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары, студенттер жиналды.

Салтанатты жиынды Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы сөз сөйлеп ашты. Ол мемлекеттік тіл саясатының жоғары деңгейде іске асырылып жатқанына кеңінен тоқталып, елімізде тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының арқасында үш тілде білім беру іске асырылып жатқандығын, осы мақсатта Қазақстандағы түрлі этнос өкілдері үшін ана тілдерін оқуға қолдау көрсетілетіні жөнінде айтып өтті.

«Өткен жылы Қазақстан Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Оны іске асыру үшін Үкімет жанынан Ұлттық комиссия құрылды. Үкімет 2025 жылға дейін латын графикасына кезең кезеңімен көшірудің жоспарын бекітті. Біз «Тіл-Қазына» ұлттық практикалық орталық құрдық. Республикамызда латын графикасына негізделген жаңа емле ережесі апробациядан өткізілді», – деп атап өтті А.Мұхамедиұлы.

Мүшайраға еліміздің өркендеп даму жолын жырға қосқан 100 ақын қатысып, 120 өлең талқыға түскен. Олардың ішінен 36 жас ақынның 70-ке жуық өлеңі іріктеуден өткен. Осылардың ішінен 66 өлең сараланып, «Елбасы және Елорда» атты жыр жинағына еніпті. Жас қаламгерлер Қазақстанның даму жолында Президентіміздің атқарған еңбегі мен Елордамыздың 20 жылдық тойын айшықтап жырлаған. Мүшәйраға белгілі ақындар мен филолог ғалымдар қазылық жасаған.

Жиын соңында қазылардың сараптауынан өткен жеңімпаз бен жүлдегерлер марапатталды. Атап айтар болсақ «Елбасы және Елорда» жас ақындар мүшәйрасында 1-орынды С.Сейфуллин музейінің ғылыми қызметкері Шеризатов Арман, 2-орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті Ғилымханов Мәрлен мен С.Сейфуллин музейінде ғылыми-ағарту бөлімінің меңгерушісі Қойшыбай Мұқият иеленсе, 3-орынды Ахмер Біржан мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Кәдірбай Ғылымнұр иеленді.


Нұрлы Еділов


 


 


 




Көрілген: 945    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 09:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31