Сенi iздеймiн

Елімізде көп тіл білетін жастар көбейіп келеді

  • Елімізде көп тіл білетін жастар көбейіп келеді

    Елімізде көп тіл білетін жастар көбейіп келеді

Көп тіл білу – заман талабы. Бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылып, дамыған елдермен тереземіз тең болып, ғылымының озық жетістіктеріне қол жеткізу үшін көп тіл білудің маңызы ерекше. Қазіргі таңда көп тіл білетін білімді жастарымыздың көбейіп келе жатқанына қарап еліміз болашақта осы үдеден шығатынын анық сезінгендей боласын. Осы ретте Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген сөзі бірден еске түседі.

Бүгінгі таңда жас ұрпақ ғылымның әлемдегі озық үлгілерін меңгеріп, жетістікке жету үшін сөз жоқ көп тіл білуі аса қажет. Елбасымыздың жолдауындағы «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз», – деген сөзі жастар үшін нақты бағыт-бағдар.

Сонымен қатар, тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаcында коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі де айқын көрсетілген. Онда төртінші бағытты іске асыру арқылы Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс тілінің қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді делінген болатын. Мұның аясында орыс тілін оқыту жүйесін оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан одан әрі қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушы кадрларды кәсіптік тұрғыдан оқыту жөніндегі жұмыс жалғасып жатыр. Ал, Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау үшін осы міндетің аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бағдарламада ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену жағыда нақты айқындалып Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдері көрсетілген болатын. Осы міндеттің аясында шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім беру кеңістігін сақтау көзделіп отыр.

Осы бағыттағы оқытудың үштілді моделін дамыту үшін үштілді білім беру идеясын насихаттауға және ынталандыруға бағытталған арнайы іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы бағдарламаға сәйкес атқарылып келеді. Қарағандыдадағы SBTC оқыту орталығы EngliKaRus+ жобасының аясында Казақстанда үштілдікті дамытуға бағытталған полиглоттар байқауын өткізуі осы атқалып жатқан жұмыстардың бірі деуге болады. SBTC оқыту орталығы елімізде 25 жыл бойы үштілдіктің дамуын насихаттай отырып, қазақ және орыс, ағылшын тілдерін оқуға облыс тұрғындарына мүмкіндік туғызып келеді. Бұл бастама 2016 жылдан бастап атқарылуда. Алдыңғы жылғы, яғни 2017 жылы байқауға әділқазы мүшесі болып АҚШ елшілігінің волонтерлары Бен Тэйлор мен Джордан Бакки қатысқан болатын. Ал биыл Қарағандыдағы Ресурстық тіл орталығының директоры Гүлназ Серікқызы Мұстағұлова әділқазы мүшесі ретінде байқауға қатысты.

Гүлназ Мұстағұлова байқауда сөз сөйлеп Қарағанды қаласының оқушылары мен студенттерінің тамаша тілдік дайындығы мен белсенді қатысуына разылығын білдіріп, өз атынан және Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының атынан оларға болашақта сәттілік тілей отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі білімдерін бұдан да кеңейте түсулеріне тілек білдірді.

Полиглоттар байқауында бірінші орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ерасыл Маулет иеленді. Ал, екінші орынды Қарағанды қаласының 97 гимназиясының оқушысы Әлішер Сексенбаев еншіледі. Үшінші орын Н.Нұрмақов атындағы мектеп-интернат оқушысы Арыстан Түсіптің қанжығасына байланды.


Сонымен қатар осы байқаудың аясында одан әріде ынтымақтастық жалғастыру үшін қазақ тілін жаңа форматта үйрету бойынша бірлескен жобаны бастау арқылы жеке бизнес пен Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы арасындағы қарым-қатынасты кеңейту шешімі қабылданды.

Жас ұрпақтың білімі үшін жасалып жатқан осындай игі істер көбейе берсе, болашақта озық ойлы жастармыз елімізді алға жетелейтін негізгі күш болары сөзсіз.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 951    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.09.2018, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31