Тілім - тағдырым

Халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank-тің «B + / B» деңгейін растады, болжам тұрақты

  • Халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank-тің «B + / B» деңгейін растады, болжам тұрақты

    Халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank-тің «B + / B» деңгейін растады, болжам тұрақты

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі қазақстандық ForteBank рейтингін «kzBBB» ұлттық шкаласы бойынша «B + / B» деңгейіне жеткенін растады, болжам тұрақты қалыпта.

S&P агенттігі сарапшыларының пікірінше, рейтингтердің расталуы банктің капиталы мен өтімділік резерві қазіргі әлемдік экономикалық құлдырау кезінде, COVID-19 пандемиясынан және мұнай бағасының төмендеуінен туындаған Қазақстандағы қолайсыз жұмыс ортасының қысымына төтеп беретіндігін байқатады.

«ForteBank-тың өтімділігі тұрақты деп есептеледі, бұл оның балансында өтімді активтердің көп мөлшерде екенін көрсетеді. Сонымен қатар, ForteBank басшылығы жергілікті нарықты жақсы біледі деп санаймыз. Тиісінше, бұл басқару тәсілдері қолайсыз экономикалық жағдайда да банкті басқаруға көмектеседі», - дейді халықаралық ұйымның өкілдері.

ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвилидің сөзіне қарағанда, қаржы мекемесінің ұжымы S&P сарапшыларының банкке деген сенімдерін көрсетіп, банктің рейтингін қазіргі деңгейде растағанына қуанышты.

"Пандемиямен байланысты құлдырай түскен нарықтық жағдайларға қарамастан, ForteBank жоғары тиімділік пен оң қаржылық және операциялық нәтижелерді сақтап келеді. Қаржылық көрсеткіштер біздің клиенттеріміздің банкке деген сенімін айғақтайды. Forte тобы біздің клиенттеріміз күнделікті қолданатын жаңа сандық өнімдер мен қызметтерді жасау үшін үнемі ізденіс үстінде болады», - дейді басқарма төрағасы. 




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.06.2020, 11:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31