Сенi iздеймiн

Интернет - тілдік орта қалыптастыру құралы

  • Интернет - тілдік орта қалыптастыру құралы

    Интернет - тілдік орта қалыптастыру құралы

Интернеттің қазақ тіліндегі баламасын «ғаламтор» деп жүр. Шын мәнінде бүкіл ғаламды торлап, үйіріп бара жатқанына бола солай деп алған болуы керек. Мағынасы жақын негізі. Себебі, ғаламды жаһандастырып жатқан сол – интернет. Қазіргі жаһандану заманының негізгі қуат көзіне айналды. Міне, сондықтан да көне құндылықтарға бұлжымас заңдылықтар мен қарайтындарға жаһандану үрей туғызады. Ал, терең мән беріп, байыбын бағып көрсек, ғаламтор пәлендей қатер туғызатын дүние емес екен. Өйткені, ол заманауи үдерістерге екпін мен жылдамдық беретін құрал екен. Интернет – жылдам хабар алғызатын, лезде жауап бергізетін байланыс құралы. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құралы – тіл. Яғни, екеуі де коммуникация құралы. Онда, бұл екеуі бір-біріне қайшылық туғызуы мүмкін бе? Менің ойымша, жоқ. Ең бастысы, екеуінің коммуникациялық қызметін дұрыс пайдалануда болса керек. Әсіресе, тілді қолдану мен дамыту ісінде интернеттің ролі тіпті шексіз екенін байқауға болады. Интернет жер шарының қай нүктесіне болсын сымсыз-ақ әуе толқынымен жетіп баратын құрал. Адамдардың бір-бірімен байланысуы қазір оңай дүниеге айналды. Ғаламтордың техникалық мүмкіндіктері оларды алыста жүріп-ақ топтастыруға, тоқайластыруға бейім. Соның арқасында адамдар арасындағы қашықтық пәлендей роль ойнамайтын уақытқа жетіп отырмыз. Олай болса, бір тілді адамдардың да қарым-қатынас ұстап отыруы, тілдік орта құруы қиын емес қазір. Ал, тілді терең меңгеру үшін үнемі қарым-қатынас ұстап отыратын тілдік орта – ең қажет құрылым. Міне, ғаламтор бізге қазір осындай мүмкіндік туғызып отыр. Бұл мүмкіндікті түсінбейтіндер қазір кем де кем. Міне сондықтан да елімізде қабылданған «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» бұл мәселе ерекше айтылған. Мемлекеттік бағдарламада былай делінген:

«мемлекеттік тілді үйрету процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-портал (сервистің 20-дан астам түрі) құрылып, үнемі жаңартылып тұрады...Жоспарланып отырған шаралар қатарында Интернетті қоса алғанда, БАҚ-тың барлық түрінде мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізетін үлгі тұтарлық бейнелерді медиалық ротациялау, көпшілікке арналған мерзімді басылымдарды шығаруды, негізгі нысаналы аудиториялар үшін көрнекі және имидждік өнімдер шығара отырып, көрнекі үгіт құралдарының PR іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды қамтамасыз ету». Ал нақты тілдік ортаны қалыптастыруға байланысты міндеттер былайша нақты жазылған: «қазақтілді интернет-ресурстарды, контенттерді дамыту мақсатында тілді қашықтықтан оқыту курстарының саны ұлғайды». Сол қашықтан оқыту дегеніміз тілдік ортаны қалыптастыру деген сөз. Ол өте қарапайым түрде былайша жүзеге асады. Компьютер жүйесі тұтас қалыптардан тұрады. Олардың ішіндегі қарым-қатынасқа қолайлысы: интерактив, мультимедиа, моделинг тб болып жалғаса береді. Моделинг – аты айтып тұрғандай барлық іс-қимыл барысын модельдеу. Осы арқылы барлық процесті игеріп отыруға болады. Нақты іс-қимылдар жүйесіне тоқталатын болсақ:

-ақпаратты іздеу: браузерлермен жұмыс істеу, мәліметтер қорына кіру, анықтама жүйелерімен тығыз жұмыс жасау тб.

-тілдесу: тікелей байланыс жасау, интерактив, электронды пошта арқылы үзіліссіз тілдесу, чадтарға кіру, сілтемелер бойынша іздену, форумдарға тіркелу, бейнеконференциялар қатысу тб.

-желідегі жарияланымдар: топтарға тіркелу, веб бет ашу, сайт жасау, арнайы блог ашу тб.

-мұнан басқа қазір интернет технологиясының жетілуі, әлеуметтік топтардың түрленуі адамның қарым-қатынас жасауын жеңілдете түсті. Оның тағы қандай мүмкіндіктер туғызарын көру керек. Бірақ олар да сол мақсатқа қызмет ететін болса керек.


Міне осы іс-қимылдардың қайсы болмасын адамдардың қарым-қатынасына бола құрылған. Яғни, қайсы болса да тілдік орта құруға қызмет етеді. Адамға қызмет ететін мүмкіндіктердің қай-қайсы болмасын ақпарат алмасуды мақсат тұтады. Ал, ақпарат алмасу дегеніміздің өзі – тілдік орта туғызу болып табылатынына сөз жоқ. Ендігі міндет: сол интернеттің, қазақша айтқанда ғаламтордың сол мүмкіндіктерін тіл насихатына бұру, технологияны қазақша сөйлету. Құр зарлай беруден гөрі осылайша заманның талабына көну, оны өз дегеніңмен жүргізу – мың есе пайдалы екенін ұғып та үлгердік. Олай болса, интернетте тілдік орта құру, оны мемлекеттік тіл насихатына жұмыс істету – әркімнің өз қолында. Оған тек ұлттық қазынаға деген ыстық ықлас пен жігер ғана керек. Сол кезде заманауи технологиялар да қазақша сөйлеп кетеді.


С. Ақынжанов




Көрілген: 3783    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 19:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31