Тілім - тағдырым

Жаңа әліпбиге көшуге дайындық барысында тиімді әдістер қолданылуда

  • Жаңа әліпбиге көшуге дайындық барысында тиімді әдістер қолданылуда

    Жаңа әліпбиге көшуге дайындық барысында тиімді әдістер қолданылуда

Ғылым мен техниканың, технологияның жылдам қарқынмен дамуы және әлем экономикасының жаһандануы қазір барша дүниеге тың өзгерістер мен тың талаптар әкеліп отыр. Ең ғажабы, жаңа талап қойылмайтын сала жоқ қазір. Бәріне де қатысы бар. Бұл өзгерістер әріресе тіл саласын ерекше қамтып отыр. Өйткені, жаһандану қарым-қатынас жасау деген сөз. Ал тіл – сол қарым-қатынас жасаудың ең негізгі құралы. Қазіргі таңда интернет байланыстың басты құралы және жаһандану заманында ақпарат таратуға мүмкіндігінің көптігімен, тиімділігімен ерекшеленуде. Мұндай заманауи мүмкіндікті біздің елімізде барлық салада өте тиімді пайдаланып отыр. Уақыт өткен сайын интернетте қазақ тілді контенттер көбейіп келе жатқанын ерекше айтып өтуіміз керек. Ана тілімізде көптеген ақпараттарды, фильмдерді, түрлі саладағы қажетті мақалаларды, аудио және видео жазбаларды қазір ғаламтордан көптеп табуға болады. Бүгінгі таңда осы игіліктің пайдасын жұртшылық көптеп көруде. Қазақстанда электрондық үкімет жұмысы да жолға қойылып, мемлекет пен халық арасындағы байланыс механизімін оңтайландыра түсті. Сондықтан ел азаматтарының түрлі құжаттарға жылдам әрі қиналмай қол жеткізуге мүмкіндігі көп. 


Еліміздің түкпір-түкпірін, яғни барлық аймағын, алыс ауылдарды интернетпен толық қамту жобасы іске асуда. Міне, бұл біле білген адамға үлкен жетістік. Бұндай мүмкіндікті Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да тиімді пайдалану жағы толығымен айтылған. Аталмыш бағдарламада тілдерді оқытуды онлайн режимде іске асырып, қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыру жағы кеңінен қарастырылған. Бұл жұмыстар рет-ретімен, жоспарлы түрде іске асырылып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Нақты айтар болсақ мемлекеттік тілді оқыту орталықтары арқылы оқытушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі 2014 жылға қарай – 20 пайыз болса, 2017 жылдарда – 50 пайызды қамтыған. Ал 2020 жылға қарай – 90 пайызға жететіні айқындалған. Осы деректер нақты іс-жүзінде артығымен орындалды деуге болады. Алыстан оқыту дегеніміз тілдік ортаны жылдам әрі тиімді қалыптастыру дегенді білдіреді. Бұны қарапайым түрде түсіндіріп көрейік. Алдымен компьютер жүйесі тұтас қалыптардан тұратынын айтып өтсек. Бұлардың ішіндегі қарым-қатынасқа қолайлысы: интерактив, мультимедиа, моделинг т.б. болып жалғаса береді. Ал моделинг дегеніміз – аты айтып тұрғандай барлық іс-қимыл барысын модельдеу екенін білген жөн. Осы арқылы барлық процесті игеріп отыруға болады. Нақты іс-қимылдар жүйесіне тоқталатын болсақ:


– браузерлермен жұмыс істеу, ақпаратты іздеу: мәліметтер қорына кіру, анықтама жүйелерімен тығыз жұмыс жасау т.б.


–тікелей байланыс жасау арқылы тілдесу, интерактив, электронды пошта арқылы үзіліссіз тілдесу, чаттарға кіру, сілтемелер бойынша іздену, форумдарға тіркелу, бейнеконференциялар қатысу т.б.


–топтарға тіркелу, веб бет ашу, сайт жасау, арнайы блог ашу, желідегі жарияланымдарды қарау, т.б.


– қазір интернет технологиясының жетілуі, әлеуметтік топтардың түрленуі адамның қарым-қатынас жасауын жеңілдете түсті. Мұның тағы қандай мүмкіндіктер туғызарын байқап көрсек болады.

Айтып өткеніміздей интернетті заманауи үдерістерге екпін мен жылдамдық беретін құрал, яғни, коммуникация құралы деген жөн. Сондықтан тілді қолдану мен дамыту ісінде интернеттің рөлі тіпті шексіз екенін байқай аламыз. Қазір жер шарының қай нүктесінен болсын адамдардың бір-бірімен байланысуы жеңілдеді. Ғаламтордың техникалық мүмкіндіктері оларды алыста жүріп-ақ топтастыруға, тоқайластыруға бейім. Соның арқасында адамдар арасындағы қашықтық пәлендей рөл ойнамайтын уақытқа жетіп отырмыз. Олай болса, қазір бір тілді адамдардың да қарым-қатынас ұстап отыруы, тілдік орта құруы қиын емес. Ал, тілді терең меңгеру үшін үнемі қарым-қатынас ұстап отыратын тілдік орта – ең қажет құрылым. Бұл мүмкіндікті түсінбейтіндер қазір кем де кем. Сондықтан да елімізде қабылданған Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бұл мәселе ерекше айтылған.


Нақты айтсақ, мемлекеттік бағдарламада «мемлекеттік тілді үйрету процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-портал (сервистің 20-дан астам түрі) құрылып, үнемі жаңартылып тұрады... Жоспарланып отырған шаралар қатарында Интернетті қоса алғанда, БАҚ-тың барлық түрінде мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізетін үлгі тұтарлық бейнелерді медиалық ротациялау, көпшілікке арналған мерзімді басылымдарды шығаруды, негізгі нысаналы аудиториялар үшін көрнекі және имидждік өнімдер шығара отырып, көрнекі үгіт құралдарының PR іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды қамтамасыз ету», – деп жан-жақты атқарылар жұмыстардың жолдары айқын көрсетілген.


Осындай мүкіндікті әліпби ауыстыруға дайындық бағытындағы жұмыстарды жүргізген кезде де кеңінен пайдалану көзделіп, нақты іс-шаралар атқарылып жатыр. Ол мемлекеттік бағдарламада айтылғандай қазақ жазуын одан әрі жетілдіру сауаттылықты көтеруге конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру мен өткізу арқылы іске асырылуда. Сонымен қатар, ақпараттық-анықтамалық электронды тілдік қызметті одан әрі дамыту және элективті, қосымша курстарды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдегі іскери ресми жазба дағдыларына оқыту жүйесі де жолға қойылған. Елімізде бүгінгі таңда латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жоспарына байланысты әліпбиді үйретумен оның емле ережелерін оқыту жағы нақты қолға алынып отыр. Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Тілдерді дамыту басқармаларының ұйытқы болуымен әртүрлі курстар, семинарлар ұйымдастырылып, алдымен тіл мамандарының біліктілігін арттыру жағы қолға алынды. Өйткені нақты қадам алдымен тілді оқытатын мамандарды дайындаудан басталатыны белгілі. Осындай дайындықтан өткен оқытушылар өз үйренгендерін біртіндеп басқаларға, яғни оқушыларға үйретіп, жұмыс барысы тиімді жүре бастайды. Былтырғы жылдың ортасынан бастап барлық өңірлерде жаңа әліпбимен жазу дағдысын үйрену сабақтары басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Әрине қысқа мерзімге жоспарланған сабақтарда емле ережесіне қатысты барлық заңдылықтарды бірден үйретіп шығу мүмкін емес. Сондықтан осындай тығыз уақытта үйрету жұмыстарын жеңілдету үшін онлайн сабақтар жүргізу көп жағынан тиімді болып тұрғаны белгілі. Яғни, әлеуметтік желіде арнайы топтар құрылып латын әліпбиі негізінде жасалған қазақ әліпбиінің заңдылықтары, ережелері түсіндіріліп, содан кейін барып аудиодиктант жазу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс еліміздің көптеген өңірлерін қамтыған арнайы акцияға ұласуда. Міне интернеттің замануи мүмкіндігін тиімді пайдаланып жұмыс жасау деп осындай іс-шараларды айтуға болады. Бұл іс-шараның басты мақсаты жаңа әліпбимен жазуға дағдылануға қалыптастыра бастау. Онлайн диктант жазу кезінде арнайы мәтіндер таңдалып, ережеге сай жазу дағдысы қалыптаса бастайды. Атап айтсақ, акут әріптерді дұрыс жазуды үйрене бастайды. Сондай-ақ, бірге жазылатын, бөлек жазылатын сөздердің заңдылығына мән беріліп, күрделі атаулардың жазылуына және дефиспен жазылатын сөздерге, жаңа әліпбиден түсіп қалған әріптердің жазылу заңдылығына, шет тілден енген сөздердің қалай жазылатынын үйренуге байланысты жұмыстар атқарылуда. Міне қашықтықтан оқытып, диктант жазу арқылы қаншама нәрсені үйренуге болады. Білген адамға бұл жұмыстар өте ауқымды. Онлайн сабаққа қатысу, аудио диктант жазу шалғай ауылдарда да іске асуда. Еліміздегі ең алыс, түкпірдегі елдімекенде тұратындар да осы мүмкіндікті толық пайдаланып отыр. Бұған нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен онлайн режимдегі сабақтардың өткенін айтып өтуге болады. Оған алыс ауылдардағы мұғалімдер мен жас мамандар қатысып тәжірибе жинаған. Осы атқарылып жатқан іс-шаралардан Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өте жоғары деңгейде жүріп жатқанын көруге болады. Бағдарламада мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқытылатын қазақ тілі оқытушыларының саны жыл сайын 500 адамнан кем болмау жағы айтылған. Жаңа әліпбиге көшуге дайындық барысында бұл меже одан әлде қайда көп болып отырғандығы еркісіз назар аударады. Бұдан бағдарламаның жұмысы екі есе қарқындылықпен атқарылып жатыр деген қорытынды шығаруға тура келеді.

Сонымен қатар, бағдарламаның үшінші кезеңінде яғни 2017 - 2020 жылдары мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесіне бақылау тетіктерін енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру көзделегені белгілі. Сондай-ақ, барлық салада мемлекеттік тілдің сұранысына, оны тиісінше қолдану сапасына және меңгерілу деңгейіне, басқа тілдерді одан әрі сақтау жұмыстарына жүйелі мониторинг жүргізіліп, нақты қорытындылар жасалынады.

Бұндай жұмыстардың барлығы тілді дамытуға және адамдардың қарым-қатынасына лайықты тілдік орта құруына жағдай жасайды. Жүйелі түрде жасалған осындай игі қадамдардың жетер жетістігі де жоғары болады деп үміттенеміз.


Нұрлы ЕДІЛОВ




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.08.2019, 13:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30