Жаңа қазақ әліпбиі мен мемлекеттік бағдарлама
Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Рухани жаңғыру: жаңа қазақ әліпбиі және мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы» атты семинар-кеңес өткізді.
Сондай-ақ жаңа қазақ әліпбиін енгізуді ұйымдастырудың теориялық және ғылыми-практикалық мәселелері көтерілді. Ұлттық комиссия жанынан құрылған төрт бағыттағы (орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу) жұмыс тобының жұмыс жоспары таныстырылып, бүгінге дейін атқарылған шараның есебі берілді.
Аталған шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мамандары, филолог-ғалымдар, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Берік Садықов