Сенi iздеймiн

Қазақ ұлттық университеті аударма компаниясымен келісім жасасты

  • Қазақ ұлттық университеті аударма компаниясымен келісім жасасты

    Қазақ ұлттық университеті аударма компаниясымен келісім жасасты

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми-зерттеу жұмыстарының шеңберінде әлемдік ғылыми-зерттеу қоғамдастығы үшін ағылшын тілінде редакциялық қызмет көрсетудің жетекші жеткізушісі Enago компаниясымен келісім жасасты, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Елімізде «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында аттқарылып жатқан істер баршылық. Өйткені аталған бағдарламада қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттілігі. Бұл аспектіде қазақстандықтардың бәсекелестік басымдығы ретінде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтауға, Қазақстан мәдениетінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этностардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар жиынтығы бар екені нақты көрсетілген.

Осы ретте оқу орыны мен Enago компаниясының жасасқан келісімнің маңызы зор екенін атап өткен жөн. Келісім аясында ҚазҰУ-дың ғалымдарына Enago компаниясы қолжазбалар дайындау үшін қызмет көрсетпек. Бұл үрдіс ғалымдарға өздерінің мақалаларын танымал халықаралық ғылыми журналдарда жариялау үшін мол мүмкіндік береді.

Әріптестік қарым-қатынас университетке де, Enago компаниясына да тиімді. Келісім арқылы үш деңгейлі қолдау бойынша академиялық аударма жасау, басылымға дайындау және ғылыми-техникалық редакциялауды қамтитын әртүрлі пәндік сала бойынша Enago мамандарының командасы ҚазҰУ-дың ғалымдары мен авторларына өз жұмыстарын журналдарда жариялау және қабылдау үшін қажетті ең қатаң стандарттарға сай дайындауға жәрдемдеседі. Осы арқылы ҚазҰУ университетінің оқытушылары мен қызметкерлері өз зерттеулерінің қызметін Enago тобы арқылы дамыта түспек.

Сонымен қатар келісім арқылы университет авторларына Enago тобының ҚазҰУ үшін арнайы құрылған порталында ғылыми ресурстарға қырық пайыз мөлшерінде жеңілдік жасалмақ.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 774    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.09.2018, 11:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31