Тілім - тағдырым

Қызылжардың төрінде көркемсөз оқу шеберлері бақ сынасты

  • Қызылжардың төрінде көркемсөз оқу шеберлері бақ сынасты

    Қызылжардың төрінде көркемсөз оқу шеберлері бақ сынасты

Қызылжардағы «Жастар» сарайында Абай атындағы дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы болды. Бұл іс-шара Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйытқы болуымен өтіп отыр. Байқау Мағжан Жұмабаевтың театрландырылған монологымен ашылып кітап көрмесіне ұласты, – деп хабарлайды Алаш айнасы.

Қазақстан халқы тілдерінің Солтүстік Қазақстан облыстық XX фестивалінің салтанатты ашылуы да осы Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауымен сәйкес келді. Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы жыл-сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Биылғы сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 17 үміткер қатысты. Байқаудың бірінші кезеңінде олар прозалық шығармалардан үзінділер оқыды. Ал екінші кезеңінде Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түсті. Өйткені биыл осы өңірден шыққан қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толып отыр.

Қыжылжар өңірі қазақтың небір дүлдүлдері туған киелі өлке. Бұл жерден Қожаберген жырау, Сегіз сері, Шал ақын, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтер бастаған талай даңқты тұлғалар шыққан.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда байқаудың Қызылжар өңірінде өтуі арнайы жоспарланған екен. Іс-шараның ең басты мақсаты – талантты жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, ана тілімізге деген құрметтерін арттыру. Сонымен қатар тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған байқау көздеген мақсатына жетті деуге болады.

Байқауда бақ сынаған қатысушылардың өте жоғары дайындықпен келгендігі бірден байқалып тұрды. Олардың әр шығарманың мәнін түсініп, өте шебер оқығаны соншалық көпшілік қауым ерекше тебіреніспен тыңдады. Осы шарада жастарымыздың киелі сөз өнерін қадір тұтатынын анық сезіндік.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз болып танылған қатысушылар қаржылай сыйлықтармен, алғысхаттармен және арнайы дипломдармен марапатталады. Сайыста бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысынан келген 11-сынып оқушысы Сая Бекбосынова иеленді. Ал бірінші орын Ақтөбе ауыл-шаруашылық колледжінің мұғалімі Алтын Кожановаға берілді. Екінші орын Еуразия ұлттық университетінің студенті Құлпынай Өмірбековаға бұйырды. Үшінші орын Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының актеры Еркежан Төлекбек пен осы өңірдің тумасы, Тайынша ауданынан келген 11-сынып оқушысы Жанарбек Секелдің қанжығаларына байланды.


Мәдени шараға келген жұртшылық ана тіліміздің құдіретіне бас иіп, жан дүниелері рухани байып қайтқаны сөзсіз. Сондықтан да жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерін, БАҚ-ты кеңінен тарта отырып, Мемлекеттік тіл күнін ұйымдастыру және өткізу, түркі жазбаларына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жұмыстары өте қажетті шаралар. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей елімізде өткізіліп жатқан әртүрлі іс шаралар үйлесімді тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің өзегіне айналып отыр деуге болады.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 794    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.09.2018, 16:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31