Қызылорда қаласында тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен республикалық семинары өтеді
Қызылорда қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті 4 қазанда «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» республикалық семинарын өткізбек, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Республикалық семинарының сағат 10.00-де басталады.
Жиында мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізу, заманауи мультимедиялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін үйрету, латын негізді қазақ тілінің емле ережелерін үйретуде жаңашыл технологияларды қолдану әдістерін таныстыру жоспарланған.
Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары қатысады.
Шара барысында Тілдерді оқыту орталықтары мен республиканың үздік әдіскерлері тіл үйретудің тиімді сабақ үлгілерін көрсетеді, латын негізді жазудың жаңа емлесін оқытудың тиімді технологиялары және әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Семинарға қатысушы оқытушылар мен әдіскерлер өзара тәжірибе алмасады.