Тілім - тағдырым

Латын әліпбиіне көшуге дайындық әскери құрылымдарда да қызу жүріп жатыр

  • Латын әліпбиіне көшуге дайындық әскери құрылымдарда да қызу жүріп жатыр

    Латын әліпбиіне көшуге дайындық әскери құрылымдарда да қызу жүріп жатыр

Латын әліпбиіне көшу мәселесі бүгінгі таңда өте өзекті болып тұр. Сондықтан барлық жерде осы бағыттары түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Оқушылардан бастап мемлекеттік қызметкерлерге дейін осы әліпбиді меңгеру үстінде. Болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар осы әліпбимен жазылмақ. Сондықтан осы бастан латын қаріптерімен сауатты жазуды меңгеру қажет. Жазудың орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары бар, сондықтан ережелерді түсініп сауатты жазудың өзі өзекті, үлкен жұмыс.

Қазір мерзімді басылымдардың көпшілігі, қалалардағы әртүрлі мекемелер, ғимараттар атаулары латын қаріптерімен жазыла бастаған. Оның тиімділігі өте зор. Біріншіден халық осы әрекеттер арқылы латын қаріптеріне көзін үйретіп, көшеде келе жатып-ақ атауларды оқу арқылы үйрене бастайды. Әліпби ауыстыру мәселесі ұзақ дайындықты қажет ететін мәселе. Өйткені оны жүзеге асыру өте үлкен күшті, уақытты, қаржыны талап етеді. Сауатты жазу, оқып үйрену ұзақ уақыт бойы дайындаулуды қажет етеді. Сондықтан балабақшадан бастап барлық мекемелер дайындық барысында түрлі істер атқаруда.

Өткен тарихымызға зер салсақ, халқымыз әліпбиді үш рет ауыстыруды бастан өткеріпті. Ол кездерде қазіргідей техника, технология дамымаған кез болатын. Сонда да еліміз қаріп аусытырудағы барлық түйткілді жеңе білді. Ал қазіргі таңда барлық сала компьютерленіп, техника дамыған десек те замананның өзіне сай мәселелер көптеп туындауы заңдылық.

Жер-жерде осы мәселелерге байланысты латын әліпбиін меңгеру үрдісі әртүрлі іс-шаралар арқылы іске аса бастады. Бұл әлі бастамасы ғана. Бірақта ірілі-ұсақты істердің барлығы қазіргі уақытта өте маңызды.

Содай іс-шараның бірі ретінде Ақтөбе қаласында өткен «Әскери құрылымдардағы мемлекеттік тіл және латын графикасы» атты өңірлік семинар-тренингті айта кеткен жөн.

Бұл айтулы шаранының өтуіне Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы мен Қазақстан Республикасы ұлттық ұланы «Батыс» аймақтық қолбасшылығының 6655-әскери бөлімі ұйытқы болды.

Бұл семинар Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында атқарылған істің бірі. Тренинг өңірлік әскери құрылымдардың мемлекеттік тілді үйрену әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасып, латын әліпбиіне негізделген қазақ тілі әліпбиін меңгеруді негіздеуді мақсат тұтты.

Шараға Атырау, Ақтау, Орал және Ақтөбе қалаларындағы әскери бөліміндерде қызмет атқаратын тіл мамандары жиналды.

Семинар-тренингте осы саладағы тіл мамандары «Үздік маман» сайысына қатысып, білімді маманды анықтауды да көздеді. Сондай-ақ, облыстық ілдерді дамыту басқармасының тіл оқыту орталығының мамандары қазақ тілін немесе шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ашық сабақтың үздік үлгілерін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Жиында латын әліпбиіне негізделген қазақ тілі әліпбиін таныстырып, жаңа емледегі тарауларға нақты тоқталып, оны меңгеру тәжірибелері де ортаға салынды.

Әскери саладағы іс-қағаздарын жүргізу осы саланың өзекті істерінің бірі. Сондықтан осы бастан тіл үйреніп, жаңа әліпбиді меңгере бастауы құптарлық іс. Отан қорғаушылармыз өз тіліміздің айбарын асырып, әскери саладағы барлық мамандар мемлекеттік тілді жетік білгені Отансүйгіштікті нықтай түсетін басты шарт.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 11:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30