Тілім - тағдырым

Мемлекеттік тіл жолындағы сайыста жеңілгендер болмайды

  • Мемлекеттік тіл жолындағы сайыста жеңілгендер болмайды

    Мемлекеттік тіл жолындағы сайыста жеңілгендер болмайды

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жастар арасында бүгін «Туған жер – тұғырым, туған тіл – тұнығым»тақырыбымен пікірсайыс турнирі өтті.

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен турнирде халықаралық, республикалық деңгейде өткен шешендік өнері байқауларының үздік 4 спикері бақ таластырды. 4 қатысушының әрқайсысы мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын ұсынды. Ойынды өткізудегі мақсат – «Туған жер» жобасының маңыздылығын түсіндіру арқылы жастардың санасына отансүйгіштік рухты сіңіру, қоғамды патриоттыққа баулу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қажеттілігін насихаттау.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Ержан Еңсебаевтың айтуына қарағанда, жастар әзірлеген мемлекеттік тілді дамыту бағдарламаларындағы кейбір ұсыныстар алдағы уақытта басқарма жұмысының негізіне алынатын болады.

«Бұл турнирді финалдық ойын деп те айтуға болады. Сайысқа ниет білдіргендердің ішінен біз халықаралық, республикалық деңгейде өзін көрсете алған 4 үздік пікірсайысшыны қатыстырдық. Олардың әрқайсысы мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі өздерінің бағдарламаларын ұсынды. Бұл мәселені біреуі құқықтық жағынан, енді біреуі экономикалық жағынан, біреуі ғылыми тұрғыда шешуді ұсынды. Олардың кейбір ұсыныстарын өз тәжірибемізде қолданатын боламыз», - деді Ержан Еңсебаев.

Пікір сайыста жеңгендер мен жеңілгендер болған жоқ. Қатысушылардың барлығына дипломдар мен құнды сыйлықтар табысталды.

«Туған жер – тұғырым, туған тіл – тұнығым» пікірсайыс турнирі концерттік бағдарламаға ұласты.


С. Ақынжанов




Көрілген: 5723    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.05.2018, 18:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31