Тілім - тағдырым

Мемлекеттік тілді дамытуға жауапты мамандарға арналған семинар-практикум өтті

  • Мемлекеттік тілді дамытуға жауапты мамандарға арналған семинар-практикум өтті

    Мемлекеттік тілді дамытуға жауапты мамандарға арналған семинар-практикум өтті

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен кеше, яғни 27 маусымда мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілді дамытуға жауапты мамандарға арналған «Тіл туралы Заң және құжаттама» атты семинар-практикум болды.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті. Семинар-практикум мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мамандардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін жетілдіруге ықпал жасау, мемлекеттік тілде дайындалатын іс қағаздардың сапасын арттыру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың бірі. Жиынды «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Қанат Төлеш сөз сөйлеп ашты.


Аталған шараға мемлекеттік мекеме мамандарынан жалпы саны 20 маман қатысып, өз ойларын ортаға салып, маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты. Жиын барысында Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мадинат Балтина «Хаттар - іс қағаздарының бір саласы» тақырыбында баяндама жасады. Ал «Ақпараттық жүйелер орталығы» WTO маманы А.Никитина «Электронды құжат айналымда іс жүргізу» тақырыбында маңызды ақпараттармен таныстырып шықты. Сонымен қатар ол жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және жауап беру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәжірибесін ортаға салды. Осы семинарда «Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің қызметкері Г.Байгазиева «Істер номенклатурасын қалыптастыру», «Мемлекеттік мекемелерде хат, бұйрық, өтінішке жауап жазу, хаттама үлгілері, жұмысқа қабылдау бойынша құжаттарды рәсімдеу» тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ, осы семинар-практикумда тыңдаушылар өз саласына қатысты түрлі мазмұндағы хат үлгілерін жазып шықты. Осы жұмыстарды рәсімдеуде жіберген қателіктер мен кеткен кемшіліктерге бірден түзетулер енгізіліп, дұрыс жасаудың жолдары үйретілді. Қатысушылар мемлекеттік тілде іс жүргізуге қатысты сұрақтарына тұщымды жауап алды.

Бұндай тәжірибе алмасылардың қатысушыларға берері көп. Сондықтан да семинар-практикумға қатысқан мамандар осындай өзекті мәселелерді талқылайтын, тәжірибе жинауға көмектесін пайдалы іс-шаралар болашақта да жалғасын тауып, жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін білдірді.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

жұма, 28.06.2019, 12:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30