Тілім - тағдырым

Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудің бір жолы

  • Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудің бір жолы

    Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудің бір жолы

Елімізде мемлекеттік тілдің кеңінен қанат жаюы - жалпы білім беретін орта мектептегі жұмыстарға тікелей байланысты екені ақиқат. Өйткені, бүгінгі оқушылар - ертеңгі ел азаматтары. Олардың таным түсінігі ертең елдік мәселелерді шешетін негізгі дүниеге айналатыны белгілі. Сол себепті де «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мектеп бітірушілердің мемлекеттік тілді меңгеруіне айрықша мән берілген. Мәселен, мемлекеттік бағдарлама бойынша жобаның үшінші кезеңі 2017 – 2020 жылдар аралығын қамтиды. Қорытындысында мектеп бітірушілер 100 пайыз мемлекеттік тілді меңгеріп шығуға тиіс. Әрине, ол өз өзінен орындала қалатын нәрсе емес. Оған қажырлы жұмыс пен тынбайтын ізденіс керек. Әсіресе, жасөспірім мектеп оқушыларын мемлекеттік тілді меңгеруге жұмылдыруға тыңғылықты істер қажет. Түрлі байқау, конкурстар өткізу, оқушыларды ынталандыру бұл саладағы маңызды істердің бірі.
Таяуда Қостанай қаласындағы №115 мектепте Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, көркем әдебиет оқу мен көркемсөз шеберлігін насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, жан-дүниесі қазақи талантты жастарды іздеп табу. Байқаудың өресі кеңи келе жоғарғы сынып оқушыларымен қатар жоғарғы және арнайы оқу орнының студенттері, басқарма қызметкерлері, БАҚ өкілдері де қатысты. Әрине, олардың жасына шектеу қойылды. Сөйтіп, 17-29 жас аралығындағы жастар қатысуға мүмкіндік алды. Абайдың үш жүз өлеңін жатқа білетін Абай атындағы республикалық байқаудың жүлдегері Татьяна Ситникованың алғысөзбен ашуы тіпті ерекше әсерлі болды. Татьяна сайыскерлерге өзінің жеңісті жолын жалғастыруды тіледі. Сайыстың басты ерекшелігі мынада: қатысушылар қазақтың белгілі жазушыларының прозалық шығармаларынан үзінді оқуы керек. Одан соң ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын жатқа айтуы тиіс. Ал, осы байқауда жеңімпаз атанғандар Солтүстік Қазақстанда өтетін республикалық байқауда облыстың намысын қорғауға тиіс болады. Сөйтіп, өте әсерлі де тартысты байқаудың қорытындысы да шықты. Бірінші орынның жүлдесін Қостанай қаласының атынан қатысқан Аружан Жұмабек есімді қыз жеңіп алды. Екінші орын Әулиекөлдің намысын қорғаған Айдос Оспановқа бұйырды. Ұзынкөл ауданының атынан келген Рысбек Дастан үшінші орынды еншіледі. Жеңімпаздардың бәрі де арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Сөйтіп, республикалық бәйгеге қатысуға жолдама алды. Міне, мұндай ұтымды шаралар солтүстік өңірде мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарына тың серпін беретіні анық. Тілді дамыту шаралары неғұрлым қызықты болса, соғұрлым кең құлаш жаятыны белгілі. Қостанайдағы көркемсөз шеберлері байқауы соның айқын дәлелі.

С. Ақынжанов


Көрілген: 4934    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.05.2018, 12:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31