Мемлекеттік тілдің мемлекеттік қызметтегі орны бөлек

Мемлекеттік тілдің мемлекеттік қызметтегі орны бөлек

Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілдері мекен етсе де, баршаның тұтастығын қамтамасыз етуші фактор ол – мемлекеттік тіл.

Тіл – мемлекеттің тарихы, бүгіні, ертеңі. Ұлттың мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты.
Еліміз еңсесін көтергелі ғылым, экономика, заң, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, өзге де барлық саласы қарқынды дамуда. Көшпен ілесе келе жатқан ана тіліміздің де қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңда өзекті жолға қойылған.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені дамыған өркениетті елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Осы бағытта қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдарда іс жүргізу мемлекеттік тілде қалыптасуына үлкен мән берілуде. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақ тілін дамытуда әр сала өз үлесін қосуы керек. Бұл тарапта Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті де мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және одан әрі дамыту үшін өз үлесін қосып жатыр. Кез-келген мемлекеттің дамып, өсіп-өркендеуі үшін ішкі тұрақтылық, заңдылық бұлжымай сақталуы тиіс. Заң талаптары мен әділдік үстемдік құрған қоғамда ғана ілгері даму болады. Бұл - өмірдің өзі дәлелдеген, талас тудырмайтын ақиқат. Мұны біздің дана халқымыз «Қылмыс түзелмей, тұрмыс түзелмейді» деген бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген. Демек, ішкі істер органдарындағы қызмет оңай емес, толықтай өзін арнауды қажет етеді. Осынау күрделі жұмысты өздеріне жауапкершілік етіп алған полицей қызметкерлері барлық мемлекеттік органдармен, бағынысты басқармалар және мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізуде. Біз қол жеткізген жетістік, орталық аппарат қызметкерлері өзіне тиесілі құжаттарды өз бетімен мемлекеттік тілге аударады немесе мемлекеттік тілде дайындайды. Тек сыртқа шығатын құжаттарға ғана редакциялық сараптама жүргізіледі. Сараптама жүргізуді департаменттің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының арнайы маманы жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің барған сайын ауқымын кеңейтуге, тілдің ресми қолданысы мен мәртебесін көтеруге байланысты көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылған. Осы бұйрыққа сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жанынан құрылған Мемлекеттік тілді оқыту курсы жұмыс жасауда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру жөніндегі ережеде көрсетілгендей «ҚАЗТЕСТ» жүйесімен А2, В2, С1 деңгейі бойынша үш топ білім алуда. Департаменттің дербес бөлім, басқармалары мен қалалық ішкі істер басқармаларының қызметкерлері қатыстырылуда. Қызметкерлердің тілді ауызша және жазбаша қолдану ерекшеліктерін тереңдете меңгерту, яғни мемлекеттік тілдегі мәтіндерді (құжаттарды) орфоэпиялық нормаға сай оқуын ауызекі сөйлесуде дұрыс қолдануын, өз тарапынан кез келген құжатты дайындай білуге, өз пікірін еркін жеткізуге үйрету негізгі мақсат етіп бекітілген. Сабақтар апта сайын, кестеге сәйкес өткізіледі.
Сабақтың мақсаты полиция қызметкерлерін мемлекеттік тілге тек күнделікті ауызекі сөйлесу тілінде ғана емес, сонымен бірге құжаттармен жұмыс істеуде екі тілді қатар қолдануды үйрету. Курсқа арнайы қазақ тілі кабинеті берілген. Қазақ тілі кабинеті заманауи материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған, атап айтар болсақ лингафондық жүйе, маркерлік тақта, қазақша-орысша сөздіктер. Бұл қызметкерлерді оқытуға өте қолайлы. Қазақ тілін меңгеруде жақсы әсер ететін көру, есту қабілеттерін қамтамасыз ету бағдарламалар бар. Қызметкерлер оқыту курсында үйренгенін тәжірибе жүзінде, яғни қызметінде қолданады. Оқу жылы екі кезеңге бөлініп оқытылады. Әрбір кезең аяқталғанда алған білімдерін қорытындылау үшін тыңдаушылардан сынақ қабылданады. Және деңгей бойынша сатылай көтеріліп, оқытудың барлық курсын өткен тыңдаушыға арнайы сертификат табысталады.
Ағымдағы жылдың маусым айында мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысқан департаменттің дербес бөлім, басқарма және қалалық бөлімдерінің 112 қызметкері Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасып, басшылық тарапынан қатаң бақылауға алынған.
ОҚО Ішкі істер департаментінің арнайы веб-сайтында «Мемлекеттік тілді дамыту» айдары да жұмыс жасайды. Онда мемлекеттік тілге қатысты материалдар мен бейнематериалдар салынып, мемлекеттік тілде дайындалған іс-қағаздар үлгілері берілген. Өткізілген іс-шаралар мен сабақтың өтілу барысы көрініс табады.
Сондай-ақ, полицейлердің өз еліне және мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдерді білу деңгейін ұлғайту, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын түрлі ұлттардың салт-дәстүрлерімен жіті танысу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының Тілдері күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізіледі. Мерекелік сайыста командалар Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың тілін, салт-дәстүрлерін, мәдениеттерін, тарихын, ұлттық құндылықтарын дәріптеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, насихаттау мақсатында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «Парасатты полицей» республикалық сайысы өткізіледі. Әрине республикалық дода болған соң, алдымен департаментте облыстық іріктеу өтіп, дараланып оза шапқандар ғана республикалық сайысқа жолдама алады. Онда құрамында қазақ тіліне жетік өзге ұлт өкілінің болуына аса назар аударады. Қазақ тілінде өз өнерлерін көрсетіп, қойылған тосын сұрақтарға жауап береді. Дәл осы сайыс биыл 6-шы рет Павлодар қаласында өткен болатын. ОҚО Ішкі істер департаментінің абыройын арқалап Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Еңбекші полиция бөлімінің «Қақпан» командасы барған болатын. Құрамы өнерлі, істеріне кәсіби маман, білімді 5 жігіттен тұратын команда жүлделі 3-ші орынды иеленіп қайтты. Құрамында қазақ тіліне судай, мақал-мәтелді, көркем сөзді жатқа айтатын Александр есімді орыс жігіті де бар. Александрдың айтуынша «Конституция бізге қарым-қатынас тілін өзімізге таңдауға ерік бірген, алайда мен мемлекеттік тілді таңдадым» - дейді. Мұның өзі қызметкердің еліне адалдығын, туған жеріне деген сыйластығын көрсетеді. Оңтүстік тәртіп сақшыларының арасында «Шығармашыл полицей» атты мақалалар сайысы бар. Династия, оқиға ізімен, тәуелсіз елдің полицейі, бейбіт күннің батыры секілді бағытта мақалалар жазудан сынға түседі. Бұл сайыста жеңімпаз болған мақалалар республикалық баспа беттерінде жарық көріп, салнататты жиында марапатталатын болады. Тілдің көркемділігін дәйекті сөзбен өрнектеп жазып, полицейдің сан қырын таныту- сайыстың негізгі мақсаты.
Өзінің бар ғұмырын халыққа қызмет етуге арнап, әр минутын кестеге салып, қоғамдағы тыныштықты орнатып халықтың қамын ойлап жүрген қазақстандық полиция қызметкерлеріне әрбір күн ерекше қымбат екені даусыз. Осы бағытта өткізілетін полиция қызметкерлеріне арналған жауынгерлік және қызметтік, әлеуметтік-құқықтық даярлық сабақтары, жиындар, мәдени іс-шаралар, қызметкерлердің саптық әдет-дағдылары тексерілетін саптық байқаулары да қазақ тілінде өтеді. Елбасымыз айтқандай «Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі - қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы». Тәуелсіздіктің тәтті жемісі – мемлекеттік тіл. Туған тілдің тұғырын көтеріп жүрген қырағы полицейлеріміз барда еліміз бейбіт, мәңгі жасай бермек.

Ақбота Бихожақызы
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста