Тілім - тағдырым

Мемлекеттік тілдің өркендеуіне әрбір азамат үлес қосу керек

  • Мемлекеттік тілдің өркендеуіне әрбір азамат үлес қосу керек

    Мемлекеттік тілдің өркендеуіне әрбір азамат үлес қосу керек

Қай кезде болмасын тілдің түйткілі – сол тілде сөйлейтін ұлттың басты мәселесі. Өйткені кез келген халық ұлттық тілінен сусындап, болмыс бітімін тіл арқылы қалыптастырады.

Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау-жұрнағы мәдени-әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым болып табылады. Ұлттың тілінің өрісі тарыла бастауы ұлттың да жойыла бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың шежіресі, тарихы, мәдениеті, мінезі айнадай көрініп тұрады. Мәселен, қазақтың тілінен қазақтың кең байтақ сайын даласын, аспанмен таласқан асқар тауларын, жасыл-желек ормандары мен буырқанып сарқыраған асау өзендері мен көзтартар айдын көлдерін, қайыспас қайсар мінезі мен көшпенділік тұрмыс-салтын айқын аңғаруға болады.


Сондықтан білікті де белгілі тіл танушылардың «Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ»,- деп тұжырымдауы тегін емес.


Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 4, 13-баптарына сәйкес мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.


Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Лауазымды адамның тіл білмеймін деген сылтауымен құжаттарды сауал салуды, өтініштерді немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәні бойынша қарауына жол берілмейді. Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктеме мен жауап бері, өтініш білдіру, шағым жасау, аудармашының қызметін тегін пайдалануға құқылы, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі.


Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі – мемлекеттік ретінде өркендеуі қажет, оған тек қазақ халқының ұрпақтары ғана емес, бүкіл Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан адамдар үлес қосу керек. Мемлекеттік тілді игеру деген сөз мемлекет азаматы болып өмір сүру деген сөз. Бұл өзің өмір сүріп отырған мемлекетке және сол мемлекетті құрған халыққа «азаматпын» деп берген уәдеңді орындау деген сөз.


А. ОРАЗҒАЛИҚЫЗЫ


Көрілген: 478    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.07.2019, 11:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31